Жаңақорған ауданының әкімі Жарқынбек Ғалымжан Сырдария өзенінің бойындағы 8 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жобасының құрылыс барысымен танысты, деп жазады баспасөз қызметі.
Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже және Билібай ауылдары табиғи газбен қамтамасыз етіледі.
Жалпы жобаның құны – 5,1 млрд теңге. «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-ның инвестициялық жобасы аясында 2026-2027 жылдары 33 шақырым жоғары қысымды және 34,7 шақырым ауылішілік газ құбыры тартылады.
2026 жылы 27 шақырым газ құбырын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта 8 шақырым аумақта жер қазылып, 3,5 шақырым газ құбыры төселді.
Аудан басшысы мердігер мекемеге құрылыс сапасын қамтамасыз етуді, жұмысты белгіленген кестеге сәйкес жүргізуді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!