Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар енді жұмыртқаны арзан бағада ала алады

29.01.2024, 13:45 206

С1 санатындағы жұмырт­қаның бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен ТОО «Береке-Трейд» мекемесі арасында қарыз шарты жасалды.

Бұл келісім маусым­­­­дық қымбаттау кезеңінде жұмыртқаның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Аталмыш қарыз шарты негізінде ТОО «Береке-Трейд» мекемесі қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарға 1 млн дана С1 санаттағы жұмыртқасын жеткізетін болады.

Осы орайда тұрғындарға жұмыртқа әлеуметтік дүкендерде – 50 теңгеден, ал ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда 55 теңгеден сатылатын болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: