Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада әр сенбі сайын жәрмеңке өтеді

20.09.2021, 9:50 355

HALYQLINE.KZ

Сенбі күні облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев облыс орталығындағы азық-түлік жәрмеңкесін аралап, тұрғындармен тілдесіп, шаруалармен жүздесті.

Аймақ басшысына Тағзым алаңы маңына жайғасқан қала шаруаларының жеңілдетілген бағамен ұсынған жәрмеңкесін таныстырған қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тұрғындарға нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағамен босатылып жатқанын жеткізіп, облыс орталығында әр сенбіде желтоқсан айына дейін күзгі егін жинау науқанынан ауыл шаруашылығы өнімдерімен жалғасатынын айтты.

Одан әрі облыс әкімі мен шаһар басшысы ауылдардан жеткізілген өнімдердің сапасы мен бағасын бағамдап, жауаптыларға бағаның негізсіз көтерілмеуін қадағалауды тапсырды.

Бүгін қалаға қарасты кент пен ауылдық округтер, қаланың ауыл шаруашылық құрылымдары, қала кәсіпкерлері және «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ тарапынан тұрақтандыру қоры арқылы алынған азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағада ұсынуда. Облыс орталығына күріштен бастап көкөніс, бақша дақылдары, ет, балық, сүт өнімдері мен мал азығы сынды 40-тан аса өнім түрі әкелінген. 

«Мәңгілік алау» алаңында қаланың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне 60-тан аса автокөліктермен барлығы 116  тонна азық-түлік тауарлары жеткізілді. Атап айтқанда 16,5 тонна картоп,  9,6 тн сәбіз, 7,5 тн жуа, 3,1 тн қырыққабат, 2,5 тн қызылша, 20,0  тн ақ күріш, 1,5 литр өсімдік майы, 800 кг нан және нан өнімдері, 0,5 тн макарон өнімдері 4,3  тн сиыр еті, 500 кг қой еті, 1,1 тн жылқы еті, 200 кг шұжық, 4,4 тн балық және тағы да басқа өнімдерден бөлек 40 бас қой қала тұрғындарына базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.

Сондай-ақ, Астана даңғылы бойында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне 22 ауылдық округтен және Шиелі кентінен жинақталған 47 көлік келді. Жәрмеңкеде 36 тонна ақ күріш, 63 тонна көкөніс, 73 тонна бақша өнімдері, 61 тонна картоп, 1 тонна балық және т.б өнімдері төмен бағамен сатылды.

Сенбі күнгі сауда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан айларында Қызылорда қаласы мен аудандардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілетін болады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: