Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтардың нақты табысы азайды

02.09.2026, 16:25 57

Қазақстанда жалақы көлемі өскенімен, инфляция салдарынан халықтың нақты табысы төмендеп жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенген DataHUB мәліметінше, нақты жалақы төрт тоқсан қатарынан азайған.

2026 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 486 388 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4 пайызға жоғары. Алайда осы аралықтағы баға өсімін есепке алғанда нақты жалақы 1,8 пайызға төмендеген.

DataHUB сарапшылары мұндай ұзақ мерзімді төмендеу кейінгі жылдары сирек кездескенін атап өтті.

— Соңғы 8,5 жылда қазіргі төмендеу кезеңі басталғанға дейін нақты жалақының теріс өсімі небәрі екі рет – 2023 жылдың бірінші тоқсанында және 2020 жылдың үшінші тоқсанында тіркелген, — делінген талдауда.

Нақты жалақы 16 саланың тоғызында төмендеген. Ең үлкен құлдырау білім беру саласында байқалды. Мұнда көрсеткіш 6,5 пайызға кеміген. Өнер, ойын-сауық және демалыс саласында нақты жалақы 6,3 пайызға, ақпарат және байланыс саласында 6 пайызға төмендеген.

Осылайша, номиналды жалақы өскенімен, тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы қазақстандықтардың сатып алу қабілетіне кері әсер етіп отыр.

Коллаж: Halyqline.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: