Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандық жұмыс іздеушілер соғыс қаупін сезбей ме?

12.05.2023, 10:15 338

HALYQLINE.KZ Биыл бірінші тоқсанда Өзбекстаннан Ресейге 630 мың 859 адам жұмыс іздеп барған. Бұл жөнінде Ресейдің Қауіпсіздік қызметі (ФСБ) хабарлағанын «Ведомости» басылымы жазады. 

Басылым мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы үш айында Ресейге 1 300 000 еңбек мигранты барған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Олардың ішінде Тәжікстаннан 349 мың 357 адам және Қырғызстаннан 172 мың 591 адам барған.

Бұдан бөлек Ресейге жұмыс іздеп Армениядан 47 мың 337 адам, Қазақстаннан 34 мың 783 адам барған.

Бұл сандар тек ресми тіркелген көрсеткіш.

Осыған дейін орыс басылымдары былтыр Ресейге 3,5 млн мигрант жұмыс іздеп барғанын жазған. Олардың дені Мәскеу және Мәскеу облысы, Санкт-Петербург және Ленинград облысында қалған.

Жуырда ғана қазақстандық студент Марғұлан Бекенов Вагнерлер қатарына қосылып, Украина әскеріне қарсы соғысқа аттанған еді.

Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Ресейге барған қара жұмысшыларды соғыс ошағына еркінен тыс әкету фактілері жиі кездеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: