Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалы: Екі ауыл ауыз су сервистік желісіне қосылды

09.11.2021, 15:15 313

HALYQLINE.KZ Биыл Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр мен Майдакөл ауылдарында ауыз су сервистік желіге қосылды. Өткен жылы Жанқожа батыр ауылында құрылыс жұмыстарын бастау үшін бюджеттен 120 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 16 шақырым ауыз су желісі тартылды. Нәтижесінде елді мекендегі 288 тұрғын үй сервистік желіге қосылды. Дәл осындай жұмыстар Майдакөл ауылында да жүргізілді.

Қазіргі таңда елді мекендегі 204 тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қос ауылдағы құрылыс жұмыстарын Еркін Төребекұлы басқаратын «Алтын айдарлы» ЖШС жүргізді. Ауызбіршілігі мол ұжымның жұмысшылары құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын бітіріп, халыққа пайдалануға берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: