Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мамыр айында неше күн демаламыз?

25.04.2020, 19:35 599

Мамыр айының бірінші жартысында елімізде үш бірдей маңызды мереке атап өтіледі. Қазіргі кезде елде төтенше жағдай режимі енгізілгендіктен кейбір азаматтар мәжбүрлі еңбек демалысында жүргеніне қарамастан, қазақстандықтар мереке күндері қосымша демалады.

Мамыр айында ел тұрғындары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтеді. Биыл 1 мамыр аптаның жұмасына түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қатарынан 1, 2, 3 мамыр күндері демалады. Ал 7 мамыр бейсенбіге, 9 мамыр болса сенбі күнге дәл келіп тұр. Еліміздің заңнамасына сәйкес, мемлекеттік мереке сенбі немесе жексенбімен қатар келген жағдайда, демалыс күндері тағы бір күнге созылады. Осылайша, Жеңіс күніне берілетін демалыс 8 мамырға көшірілді, демек қазақ елі 7, 8, 9 және 10 мамыр күндері демалады. Еске сала кетейік, осы жылы коронавирус пандемиясына байланысты жаппай қыдыру мен салтанатты жиындар болмайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: