Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дезинфекциялық жұмыстар жалғасын табуда

06.04.2020, 16:40 640

Еліміздегі коронавирус іңдетіне байланысты ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты Қызылорда облысында орналасқан әскери бөлімдердің ұйымдастыруымен қала аумағында орналасқан теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын 26 наурыздан бастап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу мақсатында №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер арқылы бекітілген кестеге сәйкес, жалпы көлемі 73,5 мың шаршы метр болатын 46 аумақты залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Оның ішіде қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдар, ірі кәсіпкерлік нысандар, базарлар және адам көп жүретін көшелер, көпқабатты тұрғын үйлер аумақтары, әкімшілік және әлеуметтік нысандарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жалғасын табуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: