Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Цифрлық ID-әлеуметтік картасы енгізіледі

27.02.2021, 18:00 720

HALYQLINE.KZ Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Шәпкенов өз сөзінде 2020 жылдың соңына қарай Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша елеулі нәтижеге қол жеткізгенін атап өтті.

– Біз қызметтерді 91%-ға цифрландырдық, 44 қызметтің 40-ы электрондық, оның 18-і проактивті түрде ұсынылады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 12,4 млн қызмет көрсетілді, оның 7,8 миллионы электрондық қызметке жатады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021 жылы зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау процестері цифрландырылатын болады, – деді сала министрі Серік Шәпкенов.

Сонымен қатар, ол Еңбекмині Әлеуметтік қызметтер порталын дамытуды жалғастыратынын атап өтті. Осылайша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік туады. Порталда техникалық құралдар мен оңалту қызметтерінің тізімі біртіндеп кеңейіп келеді, тауарлар мен арнайы әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер саны өсуде, 2023 жылдан бастап инватакси қызметі ресурсқа көшеді.

– Сонымен қатар, біз Цифрлық отбасы картасын құрумен айналысудамыз. Жоба өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды автоматты түрде анықтауға бағытталған және бұл азаматтарға әртүрлі мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін әлеуметтік қолдаудың белсенді кешенді шараларын ұсынуға мүмкіндік береді. Цифрлық әлеуметтік карта отбасының әл-ауқатының деңгейін болжауға қабілетті. Осылайша, жүйе оған енгізілген алгоритмнің арқасында азаматтардың көмекке жүгінуін күтпестен өмір сүру сапасын жақсартуға және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына қатысты алалауды болдырмауға көмектеседі, – деп нақтылады еңбекмині.

Бұдан басқа, Еңбекмині Электрондық еңбек биржасы порталын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ресурста жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін көрсететін жаңа сервистер іске қосылды. Облыс орталықтарының, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың тұрғындары үшін жұмыс іздеушілерді және жұмыссыздарды тіркеу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жіберу (әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы), ерікті қоныс аударуға көмектесу сияқты қызметтерді қашықтықтан ұсынуға жағдай жасалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: