Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүтін бір отбасын аман алып қалды

29.04.2020, 9:43 339 0

HALYQLINE.KZ –| 28 сәуір күні таңғы 07 сағат 15 минут шамасында Арал ауданының құтқару бөлімшесінің басшысы Елдос Жиеналиев пен құтқару бөлімшесінің медбикесі Базарбаева Әсия Аралқұм елді мекенінен Арал ауданына кезекті қызметтік кезекшілікке барар жолда ауа райының қолайсыздығынан трассадан шығып 3 мәрте аударылған «Hyundai Santa Fe» маркалы автокөлігін көріп, дереу қол ұшын беруге кіріседі.

Көлік ішінде болған азаматтар – Ақтөбе облысының тумасы.Олар Шымкент қаласынан ем алып, такси қызметімен қайтар жолда көлік апатына ұшырағаны анықталды. Такси қызметін жалдаған ерлі-зайыптыларды және үш бірдей баласын қауіпсіз жерге шығарып, оқиға орнында дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аудандық ауруханаға жеткізген.

Қазіргі таңда «Hyundai Santa Fe» маркалы автокөлік ішінде болған әйел азаматша түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алғандықтан аудандық ауруханада ота жасалды. Сонымен қатар, көлік ішінде болған балалардың бірінің қолынан қатты зақым келіп, Ақтөбе облысы орталығына жеткізу қажеттелігі туындады. Әкесі 3 баласын алып қайта жолға шыққан.

Дәрігерлердің қадағалауындағы олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Осылайша, азаматтардың өмірі үшін көмекке кіріскен құтқарушылар қызметтен тыс уақытта да бүтін бір отбасын аман алып қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: