Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бекарыстан би ауылында ауқымды жұмыстар басталды

30.04.2020, 14:47 797

HALYQLINE.KZ –| Биыл Қазалы ауданына қарасты Майдакөл ауылдық округінде көптеген игі жұмыстар қолға алынады.

Жақында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы ұсынылған жобалар қолдау тауып, жобаны жүзеге асыруға 930,4 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржының 845,8 млн теңгесі республикалық бюджеттен, 84,5 млн теңгесі жергілікті бюджеттен берілді.

Осы жоба аясында аудандағы Бекарыстан би тіректі елді мекенінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 15 жоба жүзеге асырылады.

Аудандағы іргелі елді мекендердің бірі Бекарыстан би ауылында ауыз су сервистік желіге қосылады.

Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаев атындағы №24 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Елді мекендегі М.Ізмағамбетова, Ғ.Мұратбаев, С.Сейфуллин, Қ.Сариев, А.Нұрпейісов, А.Тілеубаев, З.Қалиева, Қ.Мәкенов көшелеріне жарықшамдар орнатылады.

Ал, М.Ізмағамбетова, Ғ.Мұратбаев, С.Сейфуллин, Ү.Түктібаев, А.Нұрпейісов, З.Қалиева, Қ.Мәкенов көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: