Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

09.09.2022, 9:30 240

HALYQLINE.KZ Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов кезекті жеке қабылдауын өткізді. Онда өңір басшысы аудан тұрғындарының өтініш-сұрақтарын тыңдады. Қабылдауға келгендердің дені жұмысқа орналасу, баспанамен қамту мен коммуналдық қызмет көрсету салалары туралы қозғаса, кейбірі ономостикалық мәселер бойынша жүгінді. Аудан әкімі Серік Сағитжанұлы келушілердің мәселелеріне жеке дара тоқталды. Алдымен тұрақты жұмыс сұрап келген азаматтарға кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерден түскен сұраныс бойынша бос жұмыс орындарын ұсынды.

Тұрғындардың өтінішіне сай мамандығына сәйкес және қоғамдық жұмысқа орналасу бойынша жауапты бөлім басшыларына заң шеңберінде барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Ал тұрғын үй қажеттілігімен келген адамдарға өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту әр санат бойынша жүргізілетіндігін түсіндірді. Айта кетейік, бүгінге дейін 150-ге жуық азамат аудан әкіміне жеке мәселелері бойынша жүгінген. Тұрғындар қабылдауға egov порталы арқылы, е-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша арыз тастау арқылы жазыла алады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: