Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алаяққа алданбаудың амалы

10.02.2020, 16:49 761

Қызылорда облыстық прокуратурасымен қала тұрғындарына төменде көрсетілген кең таралған алаяқтық түрлері бойынша сақтық шараларын қолдану қажеттігін түсіндіреміз.

Несие беру бойынша:

Алаяқтардың басым бөлігі несие алу мен несие жабуды ұсыну кезінде кездеседі. Кей жағдайларда, алаяқтар ірі мөлшерде несие алу мақсатында несие беру жөніндегі өтінімдердің мәліметтерін бұрмалайды. Мұндай жағдайларға жол бермеу қажет, себебі несие туралы мәліметтерді бұрмалау заңмен көзделген жауаптылыққа, оның ішінде қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.

Алаяқтар тарапынан берілген мұндай ұсыныстар заңға қайшы немесе шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай жағдайлардың нәтижесінде Сізге берілген ұсыныстар орындалмай, керісінше қосымша қаржыларыңызды жоғалтып, ұзаққа созылатын сот процестерінің қатысушысына айналасыз.

Сондықтан, алаяқтардың қақпанына түсіп қалмау үшін, несие алу кезінде тек банк қызметкерлерінен кеңес алып, заңда көзделген тәртіпте несие алыңыздар.

Телефон алаяқтары:

Ұялы байланыс арқылы кездесетін алаяқтардың мақсаты – алдау арқылы Сіздің ақшаларыңызды белгілі бір шотқа аудару немесе басқа да мекенжайға жібереді.

Аталған алаяқ түрінің кең таралғаны – телефон байланысы арқылы Сіздің жақын туысыңыздың ауыр жағдайда екенін айтып, оны осы жағдайдан құтқару мақсатында белгілі сомадағы ақша қаражатын белгілі адамның атына аударуды сұрайды.

Жылжымайтын мүлік:

Жылжымайтын мүлік нарығында алаяқтықтың көп түрлері болуда. Көбіне жаңа тұрғын үйден пәтер алуға көмек көрсетемін деп алған қаражаттарды жеке басына жұмсау деректері кездесуде.

Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікті жалған меншік құқығын танитын құжаттарымен сату бойынша, азаматтарды алдау жолымен ақшаларын алып қою жағдайлары да кездеседі.

Жұмыс ұсыну:

Азаматтарды жұмысқа орналастыру кезінде де алаяқтық көптеп кездесуде. Жұмыс іздеушілер жұмыс табу мақсатында жұмысқа тұрғызамын деп қызмет ұсынғаны үшін алаяқтар жоғары бағамен ақша қаражаттарын алуда.

Ұялы телефондарды сөйлесуге сұрап алып, алдап алу кету:

Бүгінгі күні, жиі кездесетін алаяқтықтың бірі – бұл азаматтардың ұялы телефондарын бөгде адамдардың қоңырау шалу үшін сұрап алып, артынша алдап ұялы телефондарды алып кету жағдайлары.

Сол себепті, меншіктеріңіздегі заттарға ұқыпты қарап, оларды бөгде таныс емес азаматтарға бермеуге шақырамыз.

Егер, Сіз алданып қалсаңыз, не істеу керек?

Егер Сіз алаяққа кездесіп қалсаңыз, өз бастамаңызбен мәселені шешуге асықпаңыз. Бұл жағдайда, қылмыстың болған жері бойынша дереу полиция немесе прокуратура органдарына арызданып, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын жеңілдету және келтірілген залалды қайтару үшін арызға істің мән-жайларын толық анықтауға жәрдемдесетін мәліметтерді көрсету қажет.

Б.Махамбетжанов,

Қызылорда облыстық прокуратурасының

Қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: