Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Айгерім Кенжебай: «Отанға қызмет ету – міндетім!»

06.03.2023, 15:45 557

HALYQLINE.KZ Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың жұмысы баяндалды. Қоғам тыныштығын күзету, оны асқан жауапкершілікпен атқару оңай емес екендігі бәрімізге белгілі. Әсіресе құқық қорғау қызметіндегі нәзік жандылардың орны ерекше.

Солардың бірі – Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс тобының инспекторы Айгерім Кенжебай. Полиция лейтенанты батырлық пен батылдықтан құр алақан емес. Халқының қамын ойлап, елдің тыныштығын күзетеді. Сертіне адал, ісіне әділ. Ер азаматтармен иық тіресе жұмыс істейтін Айгерімнің тәжірибесі де аз емес.

– Бала күнімнен осы салаға қызығып өстім. Бүгінде мамандық таңдауда қателеспедім деп ойлаймын. Алға қойған мақсатыңа жету үшін қиындықты еңсеруге тура келеді. Әр мамандықтың қызығымен бірге қиындығы да қатар жүреді. Антқа адалдық танытып, Отанға қызмет ету – міндетім. Құқық қорғау қызметінде әйел немесе ер адам деп бөлінбейді. Күн-түн демей, бірге қызмет атқарамыз. Сондай-ақ бос уақытымда дзюдо және самбоға қатысамын. Дзюдодан спорт шеберлігіне үміткермін. Осы сәтті пайдалана отырып, аналарды, аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын, – деді Айгерім Ерболатқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: