* Жұрттың бәріне жай көзбен қарасам, саған тек жүрек көзіммен қараймын.
* Байлар екі түрлі болады. Бірі бай әйелге үйленіп байыса, екіншілері байлықтың арқасында әйел алады.
* Бәрін ұмытуға болады, тек ананың алақанын ұмыту мүмкін емес.
* Армандар орындалу үшін жаныңда ертекші емес, сиқыршы болуы керек.
* Бақытыңды тапсаң, қолынан қатты ұста.
* Сыйластықты бағалайтын көрегендер ең алдымен адамның жанына ғашық болады, содан кейін ғана бет-әлпетіне мән береді.
* Ер адамдар алтын тақпайды. Олар үшін ең бағалы әшекей – таңдаған жары.
* Кімді сүйетініңді жүрек шешеді. Кімге қосылатыныңды тағдыр шешеді.
* Сен үшін әкесінің үйін тастап шыққан адамды әрдайым бағала.
* Әлемдегі ең сұлу жанар – саған сүйіспеншілікпен қараған адамдікі.
* Жүрекке нәзіктік сыйлайтын жанды жолықтырғанша барлық адам мықты.
* Жылу тек шайда, қолғапта, көрпеде ғана бола ма? Әңгіме, көзқарас, хат пен адамдар да жылу береді. Сенуге, армандауға, сүюге жетелейтін ішкі бір серпілісті тудыратын күй.
* Өзінің сүйікті екеніне деген сенім ғана әйелді бақытты етеді.
* Махаббат деген – от. Ол жүрегіңді жылыта ма әлде өміріңді өртей ме – оны ешқашан айыра алмайсың.
* Егер түндер мен сені ойлағандай мерзімге созылса, ешқашан таң атпас еді.
* Адам сөзбен емес жүрекпен сүйеді. Бірақ сүйген жүрек сүйіктісінен сол ғажайып үш сөзді күтеді.
* Махаббат – үнемі тәуекел ету. Біреу сый ұтады. Біреу оңбай ұтылады.
* Бақытты адамдар үнсіз келеді.
* Бала деген – бақыт. Бақытсыз өмір сүруге болмайды.
* Ең жақсы адам – өз отбасына жақсы қараған адам.
* Махаббат сатылмайды. Ол лайықтыларға ғана бұйырады. Бұйырған екен ажал айырғанша бағала.
Афоризм кітабы
Аударған Шынар Әбілда
Фото: lisa.ru
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!