Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әйелдер митингіге шықты

09.03.2022, 8:50 505

HALYQLINE.KZ

Кеше, 8 наурызда Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткіші алдына мыңнан астам адам келіп, әйелдер құқығын жүзеге асыруды, гендер саясатын талап етті.

Жиынға мыңнан астам адам келді, көпшілігі – жастар, әйелдер мен қыздар. Арасында әйелдердің түрлі ұйымдарының өкілдері байқалды. Митингіге қала әкімдігі рұқсат еткен.

Жиында сөйлегендер әйелдердің зейнет жасын төмендетіп, 58 жасқа түсіруді, әйелдерге зорлық-зомбылық жасауды тоқтатуды, әйелдерді мемлекет басқару ісіне араластыруды талап етті.

Сөйлегендер «Әр әйел жалғызым», «Еркіндік, теңдік», «Қоғам әйелдермен санасуға тиіс», «Әйел бастаған көш алға», «Саясат – әйелдің ісі», «Қазақстанды феминизм құтқарады» деп ұрандатты. Митингіге сөйлеген шешендердің бірі алаңда тұрған әйелдерге «сайлауға түсуге, кандидатураларын ұсынуға» шақырды. Жиынды полиция бақылап тұрды.

Алматыда мұндай жиын былтыр 8 наурызда болған. Халықаралық әйелдер күні «Феминита», «КазФем», «SVET», «ФемАгора», «ФемСреда» қоғамдық ұйымдары белсенділері гендерлік теңдікке үндейтін шеруге шыққан. Ол феминист белсенділердің биліктің келісімін алып өткізген алғашқы акциясы болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: