Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Адамгершілік, имандылық, тәрбие

20.11.2022, 11:00 526

HALYQLINE.KZ

Түркия елінде болған кішкентай ғана ғибраты мол оқиға екен.

Дүкен иесі таңертең ерте келіп, дүкенін ашып жатқанда, есік аузынан хат тауып алыпты. Ішін ашып қараса, 500 түрік лирасы мен шағын ғана хат жазып қалдырыпты.

Хатқа: «Кішкентай бала кезімде достарыма еріп келіп, сіздің дүкеніңізден рұқсатсыз бірнеше шоколад пен печенье алған едік. Біздің бұл әрекетімізді кешіріп қойыңыз», – деп жазған екен.

Асыл дінімізде құл ақысы деген бар. Түрік бауырларымыздың тәрбиесінде бұған аса мән берілген. «Хақымды халал (адал) ет!» деп бір-біріне айтып жүреді. Яғни, ақыңа өтіп, зияным тиіп, тілім өтіп, ренжіткен кезім болса, кешіріңіз деген мағына ғой.

Хадисте: «Мойнында құл ақысы болған адам өлмей тұрып ақысын өтеп, халалдассын! Өйткені ақыретте алтынның, малдың қадірі болмайды. Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауаптарынан алынады, сауаптары қалмаса ақы иесінің күнәлары оған жүктеледі», – делінген.

Қайырбек  Отызбаев

Көрнекі фото

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: