Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп біз үшін басымдыққа ие»

02.03.2021, 12:30 767

HALYQLINE.KZ Әрқашан және барлық жерде, кез келген уақытта, әрбір қоғамда қоғамдық тәртіпті, заңды сақтау, азаматтар мен мүлікті қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі орасан зор. Полиция қызметі – бұл басқа адамдардың және бүкіл қоғамның өмірін қауіпсіз және жақсартуға көмектесетін қиын, бірақ, өте қажет мамандық. Полиция қызметкері болу адалдықты,кәсібилікті, шеберлікті қажет етеді. Ол үшін оларға ақыл, оң көзқарас, үлкен шыдамдылық, ерік-жігер мен мықты денсаулық қажет. Өйткені, полиция қызметкері – тек қызметте ғана емес, күн сайын және сағат сайын біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қауіп-қатерге тігетін маман иелері. Қызылорда қалалық Полиция басқармасында Русланбек Мұхамедиярович Арзықұлов 15 жылдан астам қызмет атқарады. Еңбек жолын 2006 жылы Қармақшы АІІБ учаскелік инспекторының көмекшісі болып бастаған ол, қазіргі таңда жедел-криминалистикалық бөлімі бастығының орынбасары қызметін абыройлы атқаруда. Осы жылдар ішінде ол өзінің тәжірибесін үнемі жетілдіріп анықтау, тергеу бөлімдерінде абыройлы қызмет жасаған. Бірақ, көп ұзамай ол өзінің нақты кәсібі криминалистика саласы екенін түсінді. Криминалист мамандығын меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі маманды дайындау барысы да күрделі. Олар арнайы білім алғаннан кейін де кәсіби біліктілікті арттырып отыруы керек. Криминалистер бүгінгі таңда суық қаруларды тану, оқиға болған жерді анықтап, қылмысты ашуға ерекше өзіндік үлестерін тигізіп келеді. Біздің кейіпкеріміздің өзі үлкен және тату-тәтті отбасында дүниеге келген. Қазіргі уақытта оның әкесі Арзықұлов Мұхамедияр – 72 жаста. Ол – еңбек ардагері, теміржол саласында 40 жылға жуық жұмыс істеп, жастар үшін тамаша тәлімгер бола білген ел ағасы. Анасы Перизат Елеусізова Амантаевамен бірге Ақмарал, Руслан және Айгүл атты үш баланы тәрбиелеп өсірді. Әр мереке сайын бүкіл отбасы дастарқан басында жиналып, жақсы жаңалықтармен бөліседі. Ата-әжелерін жақсы көретін, ән айтып, өлең айтатын 10 немере де осы әулеттің бақ-берекесі. Руслан да аға ұрпақтың дәстүрін құрметтейді және өзінің төрт ұлы – Ернұр, Даниял, Жанарыс және Бекарысты жауапкершілікке, құрметтеуге, адалдық пен еңбексүйгіштікке үйретуде. Русланның жұбайы Дуйсекеева Эльмира банк саласының қызметкері және күйеуінің жұмысының күрделілігін түсініп, оған әрдайым қолдау білдіреді. Отбасының өз хоббиі бар, олар бірге табиғатқа шығып, балық аулап және спорттық ойындар ойнауды отбасылық үрдіске айналдырған. Руслан мен Эльмира балаларына үлгі көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттайды.

Ұжымда Русланды досқа адалдығы мен жауапкершілігі үшін құрметтейді. Ол өз жұмысын өте жақсы көреді және оған көмекке келгендерге қол ұшын беруге әрдайым әзір. Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін басшылық оны бірнеше рет мақтау қағаздарымен марапаттады. Сондай-ақ, «Мінсіз қызметі үшін» (10 жылдығы) медалімен марапатталған.

Руслан Арзыкқұлов: «Менің ойымша, полицей мамандығы – ең қажетті мамандық, өйткені погондағы қызметкерлер бейбіт азаматтардың тыныштығын қорғайды. Олардың жұмысы адамдарға көмектесетін дәрігердің немесе мұғалімнің жұмысы сияқты сұранысқа ие: дәрігерлер емдейді, мұғалімдер білім береді, ал полиция құтқарады. Қызмет борышы бойынша біз полиция қызметкерлері өзіміз туралы соңғы кезекте ойлануға міндеттіміз. Өйткені, адамдардың қауіпсіздігі, қоғамдық тыныштық пен тәртіп басымдыққа ие».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: