Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ADAL партиясы Құрмет Талапқазыға 2 млн теңге грант берді

22.12.2021, 17:40 416

HALYQLINE.KZ Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен ADAL партиясының Саяси кеңесінде Шымкент қаласының тұрғыны Құрмет Талапқазыға қуаңшылыққа ұшыраған аймақтарға көмек қолын созу бастамасын көтерген белсенді азаматтық ұстанымы үшін құрмет көрсетті.

Өткен аптада партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев Құрметпен кездесіп, ADAL-дың медалін табыстаған болатын.

Құрмет Талапқазының кәсіппен айналысуды жоспарлап отырғанын ескерген ADAL партиясының Саяси кеңес мүшелері 2 млн теңге грант беру туралы шешім қабылдап, бүгінгі кеңейтілген отырыста табыстады.

Алдағы уақытта да оған кәсібін жүргізуде әдістемелік қолдау көрсетілетін болады.

Айта кетейік, жазда Маңғыстау мен Қызылорда халқы қуаңшылықтан қысылған тұста Құрмет Талапқазы бастама көтеріп, өзі басы-қасында жүріп, ауылдағы ағайынға шөп жөнелтуді қолға алды.

Құрметтің бұл бастамасы халықтың жаппай жұмылып, қуаңшылықтан зардабын шеккендерге көмек қолын созуға түрткі болды.

Нәтижесінде ауыл-ауылдан, ауданнан, облыстан жанашыр азаматтар бас болып, қайырымдылық жалпыхалықтық сипатқа ие болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: