Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абаттанған алаңдар, көріктенген көшелер

03.09.2020, 10:50 877

Облыс орталығында аты бар да, заты жоқ демалыс орындары бар. Дені тозудың аз-ақ алдында тұр. Мәселен, Сырдария жағасында орналас­қан «Сыр-Ана» монументі – соның бірі. Қызылорда қаласының 195 жылдығына тарту ретінде тұрғызылған стелланың жыл өткен сайын сүйкімі кетіп бара жатқан. Қазынадан бақандай 336,7 млн теңге­ бөлінген нысан қызылордалықтарға несімен жақпағанын қайдам, әйтеуір әкімқаралардың үкілі үміті ақталмады. Сол тұста облыс тізгінін ұстаған Болатбек Қуандықов:

– Өмір жібі – Сыр-Ананың қолында. Жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар Сырдарияға келіп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Бұл үрдіс ұзақ жылдардан бері жалғасын тауып келеді. «Сыр-Ана» кешені­ де алдағы уақытта қызылордалықтар мен қала қонақтарының көптеп келіп, тағзым етер орнына айналады деп сенемін,- деген.

Әйтсе де, әкім кетті, монумент қалды. Қуандықовтың идеясын қызылордалықтар қуаттай қоймады. Одан бері айлар алмасты, жылдар­ жылжыды. Ал бюджет есебінен тұрғызылған монументтің мәні кетіп, ол маңға адам барудан қалған-ды. Жарық шамдары сынып, орын­дықтары тоналып тынды. Біз бұл мәселе төңірегінде бірнеше мәрте қалам  тартқанбыз.

Биыл қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев біраздан бері «сый» күтіп тұрған «Сыр-Ана» монументіне көңіл бөліпті. Нақтырақ айтқанда, сол нысанның айналасын абаттандырып­, қайта жаңғыртудан өткізіп жатыр. Қазіргі күні ондағы жұмыстардың 95 пайызы тамамдалған екен. «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жыл­дарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның авторы – «Рем проект» ЖШС. Бүгінгі күні нысан аумағында жарық бағаналары, газон төсеніштер мен субұрқақтар және балаларға арналған ойын алаңы салынған. Десе де, құрылыс жұмыстары­ кезінде кейбір кемшіліктері анықталған еді. Қала тұрғыны, белсенді жас Сағатбек Қуанышбайұлы «Сыр-Ана» монументіне барудың мұң, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайсыз екендігін айтқан. Қызылорда қаласы әкімдігінің өкілі Абзал Рысбект­ің сөзіне сенсек, бұл олқылықтар мердігер мекеме тарапын­ан қалыпқа келтіріліпті.

«Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде «Теміржол» саябағы да жандану үстінде. Жергілікті белсенділер бұл аумақты ауық-ауық қала әкімінің назарына демалыс орнына айналды­ру керектігін ұсыныс ретінде жеткіз­ген. Биыл бұл мақсатта республикалық бюджеттен қаржы қаралып, тиісті жұмыстар басталды. Жоба бойынша мұнда волейбол, баскетбол, шахмат алаңы, сахна,­ жазғы кинотеатр, субұрқақ салынады. Құрылысш­ылардың айтуынша, аталған шаруалар қыркүйек айының соңында тамамдалады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында «Тағзым  алаңын» да абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Қазіргі күні онда сапалы­ брусчатка төсеу, жарық пен қоршау бағаналарын орнат­у, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы ретте айта кетейік, тарихи деректерге сүйенсек, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Қызылорда облысынан 150 мыңға жуық азамат аттанға­н. Олардың 30 мыңнан астамы елге оралмаған. Қайта жөндеуде­н өтіп жатқан «Тағзым алаңы» ҰОС мен Ауған соғысы, Семей­ атом полигоны, Чернобыль апаты құрбандарының рухына арнап ашылға­н. Айтпақшы, осыдан екі-үш жыл бұрын сол аумақтағы мемориал­дық­ тақтада «Кеңес Одағының Батыры» атағын иеленген Николай Самороков­тың тегі қате екендігін, одан бөлек, әлгі мемориалдық тақталарда ардагерл­ердің атақ-даңқын айшықтайтын кескін дұрыс салынбағанын да жаздық.­ Бірақ «былқ» еткен біреу болмады. Осы олқылықтарды назарға алу керектіг­ін  әкімдік  өкіліне  айта  кеттік.

Облыс орталығындағы басты көшелердің бірі Н.Назарбаев даңғылы биыл өзгеше реңге енген. Абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Су жаңа орындықтар мен жарық шамдары, субұрқақтар салынған екен. Дәлірек айтқанда, 6 шақырымға жуық жол бойын көгалдандырып, тротуар төселген.

Қозы  Көрпеш   ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: