Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

91 жастағы білім саласының корифейі дауыс берді

19.03.2023, 15:40 278

Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО Ағарту ісінің үздігі, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Подольский Марк Захарович сайлауда дауыс беруді өзінің парызы санайды.

Білім саласының ардагері сайлаудың ел үшін айрықша маңызға ие екенін алға тартып, бұл сайлаудың Наурыз мерекесімен орайлас келгенін жақсылыққа балады.

Киіз үйден ұлттық дәм ауыз тиіп, саяси науқанды ойдағыдай өткізуге қатысты тілектестігін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: