Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

8,4 миллионнан астам қазақстандықтың қарызы бар

20.10.2023, 17:15 209

HALYQLINE.KZ

20 қазанда парламент мәжілісінің отырысында төменгі палата спикері Ерлан Қошанов 8,4 миллион қазақстандықтың қарызы бар екенін айтты.

«Халықтың 84 пайызының (кәмелет жасқа толған азаматтар болса керек — Ред.), яғни 8,4 миллион адамның қарызы бар. Кейінгі бір жарым жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға ұлғайды. 90 күннен кешіккен берешек шамамен 1,4 триллион теңге болды. 1,7 миллион адам қарызын уақытында жаба алмады. Несие мәселесі өте күрделі» дейді Қошанов.

Ресми мәлімет бойынша, қазақстандықтардың қарызы – 18 триллион теңге.

Мәжіліс депутаттары несиені өтей алмайтын азаматтарға қарыз беруге тыйым салуды тағы ұсынды. Бұған қоса, парламентте азаматтарды банкрот деп тану мәселесі көтерілді. Мәліметтерге қарағанда, биыл 3 наурыздан бері банкроттыққа 68 мыңнан астам өтініш түскен. 55 мың арыз талапқа сай емес деп танылған. Шамамен 5,6 мың азаматтың тақырға отырғаны анықталған.

Сурет  baribar.kz сайтынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: