Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

№68 мекемесінде жазасын өтеушілер еңбекке тартылып жүр

24.09.2026, 17:38 50

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерді еңбекке баулу және қоғамға қайта бейімдеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазір мекеме асханасында жазасын өтеушілердің бірі еңбек етіп жүр. Ол күнделікті жұмыс барысында асхана ісіне қажетті дағдыларды меңгеріп, уақытты дұрыс бөлуге, ұжыммен бірге жұмыс істеуге үйреніп жатқанын айтады.

Еңбек оған күн тәртібін сақтауға, өзіне жүктелген міндетке жауапкершілікпен қарауға көмектескен.

— Өткенді өзгерте алмаймын. Бірақ бүгінгі әрекетім арқылы болашағымды өзгертуге үлес қоса аламын. Сондықтан әр күнімді пайдалы өткізуге тырысамын,— дейді жазасын өтеуші.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, еңбекке тарту жазасын өтеушілердің пайдалы дағдылар қалыптастырып, бос уақытын тиімді өткізуіне және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: