Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

18 күнде салынған аурухана ашылды

24.04.2020, 15:17 650

HALYQLINE.KZ – Алматыда коронавируспен ауыратын науқастарға арналған модульді инфекциялық аурулар клиникасы ашылды, – деп хабарлайды қала әкімінің қоғаммен байланыс қызметі.

18 күнде салынған жаңа медициналық мекеме коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуге арналған. Жаңа инфекциялық кешен уақытша құрылыс болғанына қарамастан, мұндай мекемелерге қойылатын халықаралық талаптарға жауап береді.

– Бүгінде біздің дәрігерлер, барлық медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясымен ұйқысыз және демалыссыз күресуде. Олар бізді қорғау үшін аянбай тер төгуде. Біздің міндетіміз – олардың жұмысына барлық жағдайды жасау. Жаңа кешен жұқпалы ауруларды тиісті деңгейде қамтамасыз етеді, бұл эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға көмектеседі, – деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жұқпалы аурулар ауруханасы 280 төсекке арналған. Құрылымға тоғыз клиникалық бөлім, 28 кереуетке арналған реанимация бөлімі, көшеге бөлек шығатын 10 бір адамдық бөлме, динамикалық бақылауға арналған бес бірдей бөлмелі қабылдау бөлмесі кіреді.

Модульдік кешенде қызметкерлерге арналған бөлмелер, зертханаларға арналған төрт бөлме, КТ, рентген, эндоскопиялық жабдықтар, ультрадыбыстық және электрокардиография бөлмелері бар. Штатта 75 дәрігер, 100 медбике, сонымен қатар орта медициналық персонал бар. Барлық қызметкерлер «Atakent Park» қонақүйінде орналасқан. Таңертең және кешке автобуспен тегін жүреді.

Аурухана заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Реанимация бөлімі үшін – 28 өкпені жасанды желдету аппараты. Сонымен қатар, компьютерлік томограф, қандағы газдардың анализаторы, электролиттер мен метаболиттер, электрокардиограф, мониторлар, перфузерлер, жедел диализ жүйесі, медициналық диагностикалық рентген жүйесі, керек-жарақтары, ультрадыбыстық аппараттар, бактерицидтік шамдар бар. Сонымен қатар жылжымалы рентген аппараты, зертхана үшін жабдықтар бар.

Модульдік кешен галереямен өзара байланысқан екі бір қабатты және төрт екі қабатты ғимараттардан тұрады. Коммуникациялармен, желдету және ауаны баптау, сумен жабдықтау, кәріз, электр жылыту жабдықталған. Ағынды сулар арнайы сақтау ыдысына жиналады. Өрт дабылы және бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Трансформаторлық қосалқы станцияны орнату қарастырылған. Кіру және шығу үш пункт арқылы жүзеге асырылады, оның айналасында және ішінде автомобильдерге арналған орындар бар. Сондай-ақ, аумағында автомобильдерді өңдеуге арналған платформа, бірқатар техникалық құралдар бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: