Өткен жылы “Қызылорда” автобус паркіне” «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға тиісті қаражат бөлінген болатын. Соның аясында, өткен жылы 100 жаңа автобус маршруттық бағыттарда жұмыс істеп келеді. Қалған 50 автобустың алдыңғы легі, яғни 24-і қалаға жеткізілді.
13 ақпаннан бастап №12, №15 бағыт жолаушыларға үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар қызмет жасайтын болады. Әр бағытта 12 автобус жолаушы тасымалын жүзеге асырады.
Қазіргі таңда жаңа автобустарға мемлекеттік нөмірлер тағылып, соңғы тексерулер мен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, аталмыш бағыттар жолсызбаларына өзгерістер еңгізілмейді.
Осы айдың аяғында қалған 26 автобус келуі жоспарлануда. Олар өз кезегінде №16, №31 бағыттар бойынша қызмет жасайтын болады.
Видеоның сілтемесі:
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!