Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 айда 435 мың қазақстандық шетелге шыққан

27.03.2020, 17:24 660

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әлемде коронавирус індеті өршіп тұрған кезде қанша қазақстандықтың шетелге шыққанын жариялады. 27 ақпаннан бастап елімізден 400 мыңнан аса азамат шыққан деп хабарлайды Oinet.kz.

27 ақпан мен 23 наурыз аралығында Қазақстаннан 435 мың адам шыққан. Олар СІМ-нің сапарды кейінге шегеру туралы ұсыныстарына құлақ аспаған. Қазақстандықтардың басым бөлігі жылы елдерге демалысқа аттанған. Бірі тікелей рейспен, енді бірі көршілес елдер арқылы ұшқан. Азаматтарымыз көбінесе Мысыр, Араб әмірлігі, Түркия, Таиланд және Мальдивке барған.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, әлемдегі жағдайға байланысты жолдамалар бағасы төмендегендіктен қазақстандықтар демалысқа белсенді түрде аттанған. Қазақстан тікелей рейстерді қысқартқан кезде азаматтар шетелге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан арқылы ұшқан. Қазақстандықтар көршілес елдер арқылы тек жылы мемлекеттерге ғана емес, Еуропаға да кеткен. Әлемдегі коронавирустық жағдай өршіп кеткен кезде қазақстандықтардың бір бөлігіне елге оралу үшін дипломаттардың көмегі қажет болған. Рейстер тоқтатылып, ел шекарасы жабылған соң қазақстандық елшіліктер шетелдік мемлекеттердің органдары арқылы азаматтардың мәселелерін шешулеріне тура келген.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың басым бөлігі үйіне оралды. Кейбір азаматтар вирусқа қарамастан Еуропа мен АҚШ-та қалуға шешім қабылдаған. Алайда министрлікке елге оралу үшін көмек сұрап, жүгінетін қазақстандықтар қатары әлі де көп. Олар – өз бетінше билет алып, баспана жалдағандар. Қазақстан билігінің Air Astana және Scat-пен келісімшарт жасасқан. Соның негізінде отандастарымыз өз бетінше шыға алмаған елдерге борт жіберіледі.

Пікірлер:
  • Билік тарапынан және ҚР СІМ және Бас СЭС дәрігерді әрекет және әрекетсіздік танытқан үшін барлығыңды ҚР АПК-нің 29-тарау және 292-293 бабымен сотқа беру керек.

    Енді сол ауру болып келгендерді кімнің есеп-шотымен емдейді.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: