Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бірлігі кеткен ел жаман…»

30.06.2020, 18:05 1262

HALYQLINE.KZ Бұқар жырау қартайған кезінде көңілін сұрай Қаз дауысты Қазыбек келіпті. Ауырып жатқан Бұқарекең, сонда Бұқарекең:

– Әй, Қазыбегім, тілге шешен едің, артымда сөз қалсын, бірден онға дейін санның мағынасын ешкім айтып бере алмады. Қазыбек сен айтып берші! – депті.

Сонда Қазыбек былай деген екен бірден онға дейін:

Бір дегеніңіз – бірлігі кеткен ел жаман,

Екі дегеніңіз – егесіп өткен ер жаман,

Үш дегеніңіз – үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман,

Төрт дегеніңіз – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман,

Бес дегеніңіз – белгілі-белгілі, даңқты ерден, белгілі бала болмағаны сол жаман,

Алты дегеніңіз – аймағын билей алмаған хан жаман,

Жеті дегеніңіз – жетім қалған бала жаман,

Сегіз дегеніңіз – серкесіз бастаған қой жаман,

Тоғыз дегеніңіз – толғаныңыз көңілге олқы бай жаман,

Он дегеніңіз – жеткеніңіз, ол дүниеге кеткеніңіз,

Он бір дегеніңіз – жесір қалған ит жаман, – деген екен.

Бұқарекең Қаз дауысты Қазыбекке:

– Бәрекелді, тауып айттың! – деп батасын берген екен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: