Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туған жерін қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті

07.05.2021, 10:00 431

Құрметті жерлестер!

Қадірлі сарбаздар мен Қарулы күштердің ардагерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шебі бүтін, шекарасы берік қасиетті қазақ елі тәуелсіздігін алған 30 жылда Қарулы күштердің дамуына әрдайым ерекше мән беріп, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту жолында қуатты армия құрды. Халқымыздың негізгі құндылықтары болып саналатын Тәуелсіздік пен тұрақтылықты, бірлікті, мызғымастай татулықты сақтап, бейбіт күнде батырлыққа тең ерлік көрсетіп жүрген Отанды қорғауды өздерінің кәсіби міндеттері ретінде таңдаған осы саладағы барлық жандарға шынайы құрмет сезімінің болуы заңдылық деп білемін. Қазақстан армиясы туған өлкенің тыныштығын күзетуде асқан қырағылық танытып, қалтқысыз қызмет атқарып келеді. Әлемді әбігерге салып, жер жүзіне тараған қауіпті індет кезінде де осы әскерилер құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, пандемияға қарсы іс-шаралардың алдыңғы шебінде болды.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Туған жерін қорғау – батыр бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өшпес өсиеті болса, бүгінгі сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабаларымыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып келеді десек қате айтқандық емес.

Қадірлі Отан қорғаушылар!

Қазақстанның Қарулы күштері бүгінде халқымыздың берік қорғанына, сенімді тірегіне айналды. Сіздердей қырағы қорғаушыларымыз бар кезде бейбітшілігіміздің баянды, Тәуелсіздігіміздің тұрақты боларына сенім мол.

Осынау ержүрек және қайсар жандардың мерекесінде Отан қорғаушыларға зор денсаулық, қызметтері мен еңбектеріне табыс, шаңырақтарына шаттық, бақ-береке тілеймін!

Әрқашан тірлігіміз тату, бірлігіміз бекем болғай!

Құрметпен,

Қызылорда қаласының әкімі

Ғ.Қазантаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: