Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жоқ!» деп айтуды үйрен

11.01.2023, 15:10 536

Білесіз бе, «жоқ» деп айту оңай емес. Түсінесіз бе, «жоқ» деп айтсаң саған бәрі басқаша қарайды. Төмендетеді, намысыңа тиіп мазақтайды. Сол кезде өзіңді басқадан кем санайсың. Іштей біртүрлі боласың, жалғызсырайсың.

Бірақ, досым, сен түсін, сен дұрыс әрекет жасап жатырсың. Саған ұсынылған есірткіге, темекіге, түрлі синтетикалық  дәрілерге, араққа «жоқ» деп айту арқылы өзіңнің денсаулығыңды, болашағыңды қорғап жатырсың.

Нашақорлық – бұл әлемдік, қоғамдық дерт, барша адамзатқа ортақ үлкен проблема. Оған басында «жоқ» деп айтпасаң, ол сенің түбіңе жетеді. Сенің ғана емес жаныңа жақын жандардың ортақ мәселесіне айналады. Есірткі – өте зиянды зат, сенің өміріңді тұңғиыққа батырады. Сен оған бір түссең шығуың қиын. Өйткені, сенің жап-жас ағзаң ондай ауыр нәрсеге төтеп беруі қиын. Сондықтан да жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлар саны секунд сайын өсуде. Оның тарихы тереңнен басталады. Жер бетінде біз сияқты миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия. Өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.

Бұл бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, планетамыздың әрбір тұрғыны сізбен біз қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылады. Сондықтан күшімізді бірлікте ұстап «жоқ» деп айта білейік.

Досым!

Жат қылықтан аулақ ұста бойыңды,

Оқуменен еңбекке арна ойыңды,

Ақылды бол, нашақордан алыс бол!

Сонда ғана

Болашаққа ашылады жарқын жол!

Азамат Алдамжар

№182 орта мектебінің

9-сынып оқушысы

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: