Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Такиевтің атынан жалған лицензия таратылған болып шықты

17.09.2026, 16:00 83

Әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Мәди Такиевтің атынан инвестициялық қызмет жүргізуге лицензия берілгені туралы ақпарат тараған. Қаржы министрлігі бұл мәліметтің жалған екенін ескертті. 

Министрліктің мәліметінше, ведомство қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметке лицензия бермейді.

— Аталған ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды,— делінген хабарламада. 

Инвестициялық компанияларды, брокерлерді және қаржы нарығының басқа да кәсіби қатысушыларын лицензиялау, тіркеу және олардың қызметін қадағалау заңда белгіленген уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне жатады.

Қаржы нарығында қызмет көрсететін кез келген ұйым тиісті тіркеуден өтіп, заңда көзделген рұқсатты алуға міндетті.

Қаржы министрлігі азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған күмәнді лицензиялар мен инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге, құжаттың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: