Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық көліктерге неге көп сын айтылады?

17.09.2020, 11:40 986

«Аты  айтып  тұрғандай, бұл – қоғамдық көлік. Ал, қоғамда сын-пікір айтылуы тиіс.  Және  айтылған  сыннан  қорытынды  шығару  қажет. Мұны қалыпты жағдай деп  санаймын­». Бұл – «Қызылорда автобус паркі»  ЖШС  директорының  орын­басары  Қанат  Рахметовтың  пікірі.  Дәлірек айтсақ, өңірлік коммуникациялар қызметінің­  ақпарат­  алаңында  өткен брифинг барысындағы «Қызылорда автобус паркіне»  неге  көп  сын  айтылады?» деген  сұрағымызға  берген  жауабы. Әбден  келісуге  болады.  Халықпе­н  жұмыс  істеу  оңай  емес  екенін  жақсы  білеміз.

Жалпы, 1 қыркүйектен бастап Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне көшті. Жатырқап қарайтын жаңалық емес, қайта жаңашылдықтың белгісі деп қабылдауымыз керек. Жол жүру төлемін төлеудің әдістері туралы ақпараттар барынша кеңінен тара­луда. Біз де уақытында бірнеше мәрте жаздық. Сондықтан оны тағы да қайтала­удың  еш  жөні  жоқ.

Осы орайда, басшылықтың халық пікірімен санасқанын ерекше айтуға тиіспіз. Бұған дейін «электронды төлем жасаған жолаушы – 90 теңге, ақшаны қолма-қол бергені 120 теңге төлейді» деген болатын. Бұл өз кезегінде халықтың ашу-ызасын тудырып, әлеуметтік желіде жергілікті белсенділер мәселеге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарын аударуға  тырысқан  еді. Қандай жайт­­тың әсер еткені белгісіз, қала басшылығы «төлем жасау өзгеріссіз  қалады» деп сүйіншілегені белгілі болды.

– Бүгінде бірінші деңгейдегі «Қызыл­орда автобус паркіне» тиесілі 89 автобусқа арнайы  құрылғылар  орналас­ты­рылды. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы­ бойынша 5 бағыттағы автобус­ электронды билет жүйесімен жұмыс істеп жатыр. Электронды карта арқыл­ы төлем бағасы – 85 теңге. Бүгінде электронды билет жүйесі арқыл­ы 12 345 адам төлем жасаған. Тұрғындарға қолдау ретінде 10 қыр­күйектен бастап «Beeline» байланыс операторлары арқылы 50 пайыздық жеңілдікпен төлем жасау мүмкіндігі ұсынылып отыр. Бұл жеңілдік 2 ай бойы жалғасады, – деді Қанат Рах­метов  брифинг  барысында.

Бүгінгі күні қалаішілік қоғамдық көліктердің кейбірі халыққа кон­дукторсыз қызмет етуде. Бұл көлік жүргізушісіне де кері әсерін тигізеді. Тұрғындардың дені «бұл  жағдай  жол-көлік  оқиғасына  әкеліп соқ­тырмай  ма?»  деп  алаңдайды.

Бұл мәселе  пандемия  жағдайына байланысты  шешімін  таба  алмайтын секілді. Ол үшін облыстың бас санитар­ының  кезекті  қаулысын  күту керек­. Және онда рұқсат болу қажет  сияқты.

– Мобильді қосымша арқылы төлем төлеуге, өзіңізге керекті автобус бағыт­тарының қай тұста, қандай жылдамдықпен келе жатқанын, қай аялдамаға қанша уақытта жететінін бақылап отыруға болады. Қала ішіндегі аялдамалардың жанына электронды табло да орнатылған, – деді «Қызыл­орда Автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметов.

Бұл – «Smsbus» мобильді қо­сымшасының  артықшылығы. Тіпті, сіз  ол  арқылы қызметтердің сапасын бағала­й аласыз, пікірлер мен шағымдарды жібере аласыз. Барлық шолулар талданады және тиісті шаралар қабылданады. Ол тасымалдаушы жүйеде  дереу  көрсетіледі.

«Біздің басты мақсат – жолау­шыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізу­. Шыны керек, «Қызылорда автобус паркінің» жұмысын 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Қазіргі қызмет көрсету сапасы әлдеқайда жақсы» деген спикер брифинг соңында бірқатар сұрақтарға да жауап­  берді.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: