Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық шенеуніктер дәрменсіздік танытып отыр

28.05.2020, 9:28 451 0

Халықтан  «Халыққа»  хат

HALYQLINE.KZ 

Құрметті редакция!

Біздер, Қазалы ауданы «Әйтеке би» кентінің тұрғындары сонау 2016 жылдың көктемінен бастап жылда кенттің халқына бау-бақшаға, саяжайлық учаскеге жер беруін сұрап, барлығы 97 азаматтан арызы алынған. Содан бері міне, 2020 жыл бесінші көктемі келді. Халықты алдаусыратып, «көктемде көреміз, күзде береміз» деп келді.

Биылғы 20 наурызда аудан әкімі М.Ергешбаевтың №56 қаулысы бойынша, Әйтеке би кентінің солтүстік шығыс беткейінен, Алтай каналының бойынан 50 гектар жер бау-бақша егуге 4 ай мерзімге уақытша пайдалануға беріліп отыр.

Жер бедерінен жыңғыл мен шеңгелден баса алмайсыз. Соған байланысты кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа қуаты күшті тракторды соқасымен сұрап барғанымызға екі ай болды. Ешқандай нәтиже шықпады.

Аудан әкімінің орынбасары Ғ.Еркебайға барып өтініш айтқанда, ол да «қолдан келер ештеңе жоқ» деп дәрменсіздік танытты. «Сұраған жерлеріңді бердік, қалай пайдалансаңдар да өздерің біліңдер» дейді.

Жерді айдатып, бөліп беру және ұйымдастырып жәрдемдесу, демеушілік жасау ойларында жоқ. Жер бетін плантациялап, көлемін белгілеп беруге болады ғой. Жерді көгалдандыру деген осы емес пе? Бұл халыққа үлкен демеу, әрі тәжірибе болар еді. Жұмыссыздарға жұмыс тауып бергенмен пара-пар емес пе? Егемендік алған жылдардан бері халық бақша екпегені белгілі. Жасы 35-тен енді асқан жігіттер бақша егуді білмейді. Енді үлкендер кеткен соң кім үйретеді оларға? Шетелден маман шақыра ма? Тұрғындар асқабақ, картоп егіп алса, тоқ болады ғой. Елім деген ерге елін асыраудың бір жолы бұл.

Енді осы халыққа қолғабыс, демеу жасайтын әкімдерді қайдан іздеп табамыз? Соған жауапты кім берер екен?!

Әйтеке би кентінің бір топ ақсақалдары мен талапкерлер атынан:

Ямшит Сүгірбаев,

Әйтеке би кенті, Бейбітшілік көшесі №3 үйдің тұрғыны

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: