Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қармақшы Аралдағы қуаңшылыққа қалай көмектеседі?

07.07.2021, 8:45 424

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев Жаңажол, Ақтөбе ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтарды аралап жастармен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Арал ауданында қалыптасқан қуаңшылыққа байланысты шаруашылықтардағы жастармен кездесіп жем-шөп дайындауға көмекті ұйымдастыру.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Берік Бәйділдаев «Жаңажол» ЖШС-нің директоры Орынбасар Төлеповпен кездесіп қазіргі таңдағы жағдаймен танысты. Сонымен бірге шаруашылық жастарымен жүздесіп өңірімізде қалыптастып жатқан қуаңшылық жағдайына байланысты жем-шөп дайындауға жастар бригадаларын ұйымдастыру туралы айтылды.

Мұнан кейінгі кездесу Ақтөбе ауылдық округіндегі «Ақтөбе и К» шаруашылығында өтті. Қазіргі таңдағы ауылдық елді мекендердегі шаруашылықтағы жастар арасынан бригадалар жасақталып, шөп дайындауға үлестерін қосуға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Өз кезектерінде шаруашылық басшылары мен ауыл жастары Арал ауданына жем-шөп әзірлеу ісіне көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.

Алдағы уақытта ауыл округтердегі жастары ісі жөніндегі мамандармен кездесулер өткізіліп, азаматтар мен белсенді жастарды тартуға дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: