Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нан неге қымбаттады?

12.10.2021, 12:20 373

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы астық өндіруші өңірлердің қатарына жатпайтындықтан қажетті барлық ұн көлемдері Солтүстік облыстардан жеткізіледі. Дегенмен біздің қала республиканың 19 ірі қаласы ішінен ұн қымбатшылығы бойынша 9-шы қатарда, нан қымбатшылығы бойынша 15-інші қатарда.

Осы жылы болған құрғақшылық салдарынан республика бойынша, көршілес Ресейде де өнімділік төмендеуіне байланысты астықтың өзіндік құны өсуімен бірге астық нарығында жетіспеушілік туындауына орай бидай бағасының әлде де өсуі болжануда. Қазіргі жағдайда облыстың көтерме жеткізушілерімен жеткізіліп жатқан көлемдерден бөлек тұрақтандыру қорының әріптестерімен ұн тасымалдануда.

Бүгінгі күнге тұрақтандыру қорында осыған дейін сатып алынған 616,5 тонна ұн көлемі сақталып, келісім бойынша наубайханаларға беріліп жатқан болса, бұдан бөлек алдын ала қаржыландыру арқылы жыл аяғына дейін қосымша 540 тонна ұн жетізіледі. Қосымша бір ұн жеткізуші тұлғамен 1,0 мың тонна ұнмен қамтамасыз ету жөнінде келісім жасалды.Қосымша мемлекеттік сатып алу тәсілімен 1,0 мың тонна ұнға хабарландыру орналастырылды.

Жалпы, тұрақтандыру қорымен 3,0 мыңнан астам ұн қоры қалыптастырылуда. Бұл көлемдер наубайханалардың жыл аяғына дейінгі қажеттілігін қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні келісім бойынша 2 наубайхана күнделікті 34 әлеуметтік дүкендер мен 17 әлеуметтік бұрышқа 55 тенгеден 2,5 тонна нан жеткізуде.

Нан бағасын 90 теңге дәлізінен артық емес бағада сатуды қамтамасыз ету мақсатында наубайхана иелерімен келіссөздер жүргізіліп, нан бағасын наубайхана басынан 80-85 теңгеден босатып, бөлшек саудада 90 теңгеден асырмай сату жөнінде келісілді.

Сондай-ақ наубайхана иелері тарапынан ұннан бөлек басқа да шығындары бар екендігі ескертілді. Нан бағасын төмендете берсе нан пісірушілердің айлығы төмендеп, жұмысшылар тарап кетіп жатқандығы да айтылуда. Нан пісірушілерді мұндай айлықпен ұстап тұру қиын, ал табу одан да қиын деп жеткізуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: