Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кім жауап береді?

22.12.2022, 10:00 252

Осы марканы көрсем, түсініксіз екі жағдайға «КІМ ЖАУАП БЕРЕ­ДІ?»  деп  таң  қаламын.

1. Марка 2010 жылы Кеңес Одағының батыры, даңқты панфиловшы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына байланысты шыққаны марка бұрышындағы 1910 деген жазудан белгілі, бірақ неге 140 деген сан тұр?

2. Бауыржан Момышұлына «Қазақстанның Халық Қаһарманы» атағы берілген жоқ. Кей басылымда «Халық Қаһарманы» деп атап көрсетілген соң, батырдың келіні жазушы Зейнеп  Ахметова  тиісті жерлерге атасына бұл атақ берілмегендігін жазды. Олай болса маркада неге «Халық Қаһарманының» төсбелгісі  тұр?

3. Егер 140 деген сан марканың құны болса, онда «теңге» немесе «тиын» деп жазу керек. СССР кезінде почта маркасының құны «коп» деп, тиын  қысқартылып жазылатын.

Бақытжан  Абдул-ТҮМЕНБАЕВ,

тарихшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: