Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Денешынықтыру мұғалімі оқушыларға әлімжеттік көрсеткен

25.11.2022, 11:10 622

Жаңаөзендегі №5 мектеп-гимназиясында денешынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды ұрып жатқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Видеода мұғалім оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл дерек бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау» бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, қамқорлығындағыларға қол көтерген денешынықтыру пәнінің мұғалімі 160 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: