Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бюджетке орасан зор шығын әкелетін мұндай мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің құны көк тиын

29.07.2020, 18:00 482

HALYQLINE.KZ Парламент мүшесі ретінде арнайы Қызылорда облысындағы Қараөзек ауылдық округінде болып, мемлекеттік-жеке әріптестік негізде жобалық құны 154,5 млн теңге тұратын дәрігерлік амбулаторияны көзбен көрдім. Қараөзектегі амбулатория ғимаратының көлемі 350 кв м. ғана. Мұнда медициналық құрал-жабдықтар жоқ есебі. Сонда тек 350 шаршы метр ғимараттың құны ауылдық жерде қалайша 154,5 млн теңге болады? Маған ешкім түсіндіріп бере алмады. Оның құны ары кеткенде 30 млн теңгеден аспайтын объектіні бес есе қымбатқа салу – ақылға симайтын дүние. Осындай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізде өзіндік құнынан бірнеше есе қымбатқа салынған объектілер облыста көп екен. Қазір облыс бюджетінен МЖӘ негізінде осы қаржыларды қайтару үшін миллиардтаған қаржы бөлініп отыр. Бюджетке орасан зор шығын әкелетін мұндай мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің құны көк тиын. Мемлекеттік мүдде, обал-сауап, ұят деген қасиетті дүниелерді жоғалтып алдық. Осындай объектілер бойынша жасалған келісімшартты заң аясында бұздырып қайта жасау керек. (Облыстық прокуратураның назарына). Осыған жол берген лауазымды тұлғаларға тиісті шара көру керек деп есептеймін. Еліміз ауыр күндерді басынан өткізіп жатқанда әрбір тиын санаулы болуы керек.

Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор,

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: