Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бекниязовқа қатысты мәселені ел Үкіметі мен ХАҚҚ Аткомы шешеді

17.11.2022, 11:40 203

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы облыс әкімі Н.Нәлібаевтың атына 2022 жылғы 21 қазанда №ЗТ-2022-02549470 сұрау салу туралы жолданымыңызға байланысты Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясына хат жолданып, алынған мәліметтерге сәйкес зерделеу нәтижесімен төмендегідей хабарлайды.

Халықаралық Аралды құтқару  Қорының  (бұдан әрі – ХАҚҚ) Қазақстан  Респуб­ликасындағы Атқару Дирекциясының  (бұдан әрі – Атқару дирекциясы) ереже­сіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес ХАҚҚ Атқару Комитетінің (бұдан әрі – ХАҚҚ Атком) аумақтық және оның Қазақстан Рес­публикасындағы тұрақты жұмыс органы болып табылады.

Ереженің 1.3-тармағында «Атқару Дирекциясы өзінің қызметін ХАҚҚ және ХАҚҚ Аткомының ережелерін, ХАҚҚ және оның ұйымдарының мәртебесі жайлы Келісімін, Ережені, ХАҚҚ Президентінің және Басқармасының шешімдерін, ХАҚҚ Аткомының бұйрықтарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып жүргізеді» және 2.2-тармақтың 3-бөлігінде «Атқару Дирекциясы өзінің міндеттерін орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне және ХАҚҚ Аткомына белгіленген тәр­тіп бойынша өз қызметі жайлы ақпарат беріп отырады» – делінген.

Сонымен қатар, Ере­же­нің 4.1-тармағында «Атқару Дирекциясын бас­қаруды Жоғарғы органы-құрыл­тайшысы-ХАҚҚ Аткомы, Басқарудың алқалық органы-Қамқоршылар кеңесі, Атқарушы орган-Директор, Қадағалаушы орган-Тексеру комиссиясы жүзеге асырады» – деп көрсетілген.

Осыған орай, Дирек­торды Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі ұсынысымен ХАҚҚ Аткомы қызметке тағайындайды және  босатады.

Сондай-ақ, Атқару Дирекция­сының қызметі Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша ХАҚҚ шешімімен немесе Басқару құрылымының өзгеруіне байланысты тоқтатылады.

Жоғарыдағылардың негізін­де, республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газетінің 2022 жылғы 20 қазандағы №42 (1152) санында жария­ланған тәуелсіз, сарапшы журналист Айткүл Шалғынбаеваның «Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстан Республикасындағы Атқару Дирекциясының басшылығы АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУҒА ҚҰЛЫҚТЫ МА?» атты мақаласында атап көрсетілген Атқару Дирек­циясының дирек­торы Б.Бекниязовқа қатыс­ты мәселелер Қазақстан Респуб­ликасының Үкімет және ХАҚҚ Аткомы құзырында  екенін  хабарлаймыз.

Сонымен бірге, 2022 жылғы 7 қазанда Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ш.Баймановтың төрағалығымен өткізілген жиналыстың №5402 хатта­масына сәйкес Атқару Дирекциясына, Арал ауданы әкімдігіне «Арал теңізі, сондай-ақ Арал ауданының экологиялық мәселелеріне қатысты жазатын әлеуметтік желі белсенділерімен тұ­рақ­ты байланыс орнатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізу» тапсырылған болатын.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 қазанында өткі­зілген Дүниежүзілік Банк өкілдерінің жұмыс сапары барысында «Өңірлік дамыту және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының 2 компоненті бойынша Ы.Жа­қаев атындағы Қазақ күріш шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу институтында облыстың мемлекеттік органдардың, әлеуметтік желі белсенділері және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында әлеуметтік желі белсенділері (А.Шалғынбаева, Б.Нұрқожаев, т.б.) Халықаралық Аралды құтқару Қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясы тарапынан Арал теңізін сақтауға қатысты жүзе­ге асырылып жатқан жобалар туралы бірнеше сауал мен түрлі пікір айтылған  болатын.

Осыған орай, Халық­аралық Аралды құтқару Қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясына облыстың әлеуметтік желі белсенділері  және  қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесу күні мен уақытын белгілеп беруін сұрап хат жолданған. Осы кездесу барысында Атқару Дирекциясынан көкейтесті барлық сұрақтарға толыққанды жауап алуға басқарма тарапынан ұйымдастыру жұмыс­тары  жүргізілуде.

Осы жауапқа келіспеген жағдайда, Сіз 2022 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, белгіленген шағым жасау тәртібімен шағым беруге құқылы  екеніңіз  түсіндіріледі.

М.ҚҰРМАНБАЕВ,

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: