Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бауыржан Серікбаев: «Әркім артын тазалап кетсін»

06.12.2020, 16:00 1414

HALYQLINE.KZ Мен түсінбейтін екі нәрсе бар:

1. Осы бізде неге қоғамдық орындарда әжетханалар лас?..

2. Неге біз қалада көшеде кетіп бара жатып қақырып-түкіреміз?.. Сол жерге кішкентай балалар құлауы да мүмкін ғой?..
Алматыда 2 млн халық бар. Күніне 1 млн адам көшеде қақырып-түкірсе бір айда не болады сонда?..
Менталитет? Мәдениет?

Менің ойымша осы екі дүниені санамызда шешкен кезде қарыштап алға жылжимыз. Үлкен өзгеріс болады. Шешуі де қарапайым. Әркім артын тазалап кетсін. Көшеде түкірмесін. Батырлардың ұрпағына жараспайтын тірлік. Қолымыздан келеді ғой?.. Әлде келмей ме?..
Осыған ақша мен инвестицияның да керегі жоқ. Бар болғаны әркім аузы мен артына ие болуы керек. Оңай ғой қарап тұрсаң. Әлде ие бола алмаймыз ба?..

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: