Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балық қорын сақтау — басты назарда

15.06.2026, 19:19 27

Өңірде балық қорын сақтау мен су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза су айдындары» және «Уылдырық-2026» республикалық акциялары аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Табиғат қорғау шараларына мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары және қоғам өкілдері жұмылдырылып, өңірдің су экожүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы иснпекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров мәлімдеді.

  • Өңірімізде балық ресурстарын сақтау, су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту және табиғат пайдалану заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осы мақсатта өңірде республикалық «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы мен «Уылдырық–2026» балық қорғау акциясы кең көлемде ұйымдастырылып, су айдындарын тазарту, заңсыз балық аулаудың алдын алу және балықтардың табиғи көбеюіне қолайлы жағдай жасау бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. «Таза су айдындары» акциясы барысында облыс аумағындағы өзен-көлдер мен балық шаруашылығы су айдындары қоқыстан тазартылды. Акция басталғалы 397 адам, 68 арнайы техника және 5 шағын жүзу құралы тартылып, су айдындарынан 10 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар, балық қорына айтарлықтай қауіп төндіретін суда қалған 78 заңсыз ау қалдықтары анықталып, жойылды. Бұл жұмыстар су экожүйесін сауықтыруға және балықтардың табиғи мекендеу ортасын сақтауға мүмкіндік берді. Ал «Уылдырық-2026» балық қорғау акциясы кезінде өңірдегі су айдындарында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде қорғау шаралары күшейтілді. Нәтижесінде заңсыз балық аулаудың ондаған дерегі анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды, бірқатар істер сотқа жолданды. Құқық қорғау органдарының өндірісінде қылмыстық сипаттағы істер қаралуда. Заң бұзушылардан жүздеген келі заңсыз ауланған балық пен ондаған балық аулау құралдары тәркіленіп, табиғатқа келтірілген залалды өтеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.Жалпы, аталған акциялар табиғи ресурстарды қорғау мәдениетін қалыптастыруға, браконьерлікке қарсы күресті күшейтуге және өңірдің балық қорын сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың тиімділігін көрсетті. Су айдындарының тазалығы мен балық байлығын келер ұрпаққа аман жеткізу — тек жауапты органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті ,- деді Жанқожа Рамбердіұлы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: