Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылдағы жас мамандарды материалдық жағынан ынталандыру тетігі дұрыс қарастырылмаған

13.08.2020, 16:40 600

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының бюджеті есебінен ЖОО-ға 150 грант бөлініпті. Бұл – жылына облыс бюджетіне 75 млн теңге салмақ салады деген сөз. Сырт қарағанда өте дұрыс. Осы грант арқылы тұрмысы төмен отбасыларының балалары бакалавр дәрежесі бойынша мамандық алуға мүмкіндік алады. Ол мамандықтың тізімінде білім, өнер, ауыл шаруашылық, техникалық, дәрігерлік, т.б. бар екен

Ал енді статистикаға сүйенсек:, елімізде жыл сайын барлық мамандықтар бойынша ЖОО-ны 110 мың түлек бітіреді, оның ішінде 63 оқу орны жылына 25 мыңнан аса педагогтер, 7 оқу орны 3 мың дәрігерлер даярлап шығарады Елде кадрден тапшылық жоқ. Керісінше көптеген мамандықтар бойынша он жылға жететін мамандар даярланды. Мәселе сол мамандардың сапалы дайындалуы мен өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуінде.

Өзім аралап көзбен көрген ауылдарда, еліміз бойынша солай деп есептеймін, ауылдық жерлерде дәрігер, ауылшаруашылығы мамандары жетіспейді. Өйткені оларды материалдық жағынан (баспана, көтеріңкі қаржы) ынталандыру тетігі дұрыс қарастырылмаған. Осындай гранттарды керісінше оқу орындарын бітірген ауылдық жерде жұмыс істеймін деген мамандарға бұрсақ, анағұрлым тиімді болар еді. Өзімнің жеке пікірім, тегіне қарамастан кімнің баласы болсын бәрібір ЖОО-ға білімді жеткіншек түсу керек. Орта мектепте он бір жыл бойы төмен білім алған балалар үшін грант беру өркениетті елдерде жоқ.

Мұрат  БАҚТИЯРҰЛЫ,

сенатор,

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: