Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек қатынасына құмарлығыңызды арттырғыңыз келе ме?

28.11.2021, 10:00 2838

HALYQLINE.KZ

Бұл сұраққа көпшілігіңіздің «әрине» деп жауап беретіндеріңізге сенімдімін. Өйткені, сүйікті жарымен ләззатты тереңінен сезініп, махаббатқа мас болу артық етпесі анық. Олай болса, жыныс тәрбиесін меңгерген мамандар жұбайлардың құмарлығын оятатын бірнеше кеңес ұсынады. Мархабат, оқыңыз!

Жас отау иесі өз жарының нені ұнататынын және сүйгенінің денесіндегі ләззат беретін, құмарлығын оятатын нүктелері қайсы екенін алдын ала біліп алғаны жөн. Оны сұрау арқылы емес, оңаша қалған сәттерде аймалап сүю арқылы, құлағының артынан сүйіп, мойнынан ақырын иіскей сүйіп, ернінен ақырын сүю керек. Денесін ауыртпай, ақырын сипалауы қажет. Ең сезімтал жерлерінен сипалау керек, екі анары, бөксе тұсына көбірек қол-ерін тигізгені абзал. Әйел адамның клиторы – олардың ерекше жаратылған жыныстық сезімнің көзі. Нәзік жандылардың ләззәт сезімін тудыру үшін клитордың атқаратын физиологиялық рөлі ерекше. Өзі сүйіп қосылған жары жылы сөздерімен еркелете, жоғарыда айтып өткен жерлерін сипаласа, әйел заты қозып, ерекше бір рақат сезімге бөленеді. Төсек қатынасында өте сезімтал болу керек. Сипалап жатқанда, ері әйелінің қай әрекетінен рақат сезінетін қылығы мен қимылы арқылы сезіп біле алады. Бір-бірінің нені қалайтындарын сезу екі жаққа да ортақ.

Жыныс құмарлығын қоздыру, төсек қатынасына даярлау үшін бір-бірін сыйлап, жылы сөйлеп, сүйіспеншіліктерін көрсету маңызды рөл атқарады. Еріне әйелінің наздана еркелей жасаған қылығы мен жұпар иісі қоздыру үшін жеткілікті, ал әйел затын қоздыру үшін жоғарыда айтып өткендей еріне біраз еңбектену керек. Аймалап сипалау арқылы, жылы сөздерін айта отырып қана әйелін қоздыра алады. Өзінің ғана қамын ойламай, әйелін де төсек ләззатына бөлеймін деген отағасы міндетті түрде сүйгенін төсек қатынасына даярлауы қажет. Әйел адам құлағымен сүйеді, сол үшін әр сәт сайын сүйетініңіз бен әдемілігін айтып отырыңыз. Денесін сипалап, денесіндегі ерекше сезімді оята білсеңіз, ол сіздің бар қалауыңызды жасайды.

Екі жаққа да ең тиімді тәсіл, ашып сөйлесіп үйрену керек, себебі төсек қатынасы ол бір ғана адамның ісі емес. Ол – екі адамға да тән қуат, құмарлық. Төсек қатынасы жайлы жұбайыңызбен бірге талқылап, арнайы фильмдер мен оқулықтарды бірге қарауға тырысыңыздар. Көрген, оқығанды өзара талқылаңыздар, жасап көріңіздер. Қай позада өздеріңізге не ұнағанын ашып айтуға тырысыңыздар. Сол арқылы тәжірибе жинауға болады, өздеріңізден кеткен қателерді түсініп, «мына жерде мынаны дұрыс жасамадық» деп ашып айтуға тырысыңыз.

Ері мен әйелі өзінің жыныстық қатынасын жетілдірсе, өмірінің басқа қырларына да әсері мол болатыны шындық.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: