Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тек ересектерге арналған кеңес… +18

14.05.2022, 9:00 2267

HALYQLINE.KZ

Төсек қатынасы кезінде еріңізге не ұнамайтынын білесіз бе? Махаббат майданында қандай істер мен әдеттерден қашу керек?

Әйелдердің басым бөлігі төсек қатынасы тек ерлердің міндеті деп ойлайды да, процесс кезінде тек төбеге қарап жатуға құмар. Одан кейін өзіне қажетті ләззатын ала алмағандықтан ері дұрыс «жұмыс істемеді», тіптен ол – эгоист деген пікір қалыптасады.

Бірақ, төсек қатынасына екі адамның қатысатынын, екі жақтан да бірдей талаптар болатынын ескеру керек.

Жігіттер әйелдер қауымымның «тәтті майданда» қандай қателіктер жіберетінін жақсы біле тұра, ашып айта алмайды. Сүйіктісінің көңіліне тиіп алудан қорқады.

Қыздар жігіттердің қалауын түсінуге тырысып, өз қалауын да жасырып қалмау керек. Сондықтан төсек қатынасында әйелдер жіберетін қателіктердің біразын қарап көрейік.

1. Жаңа нәрсені көруге қорқу.

Көп жұптарда төсек қатынасы күнделікті бір қалыпта қайталана береді де, жалығуға әкеледі. Бір-бірін түсінбей, ажырасып жататындар аз емес. Көпшілігінде әйелдер (кейбір еркектер де) өз қалауын еріне айтып жеткізе алмайды. Ашып айтса, ері дұрыс түсінбей қалады, «бұзылған» деп ойлайды дейді де, үнсіз қалады. Өзіне «ләззат сыйлай алатын» жанды іздей бастайды.

Бұл қателікті түзеуге тырысу керек, әйтпесе бұл – қарым-қатынасты тығырыққа тірейтін жол.

2. Өзін төсекте де ана не үй шаруасындағы әйел сезінуі.

Барлық жағдайда өзін үлгілі ана, жақсы келін ретінде сезініп, ұяңдық танытып, «мынауым ұят болады» деген пікірден арылу керек. Екеудің арасында болған нәрсені ешкім көріп, естімейді. Тиісінше ер мен әйелдің бір-бірін түсініп, ашық сырласа алуына ықпал жасайды.

3. Белсенді болмай, «бөрене» сияқты жатуы.

Жігіттерге ең ұнамайтын қателік те осы болар. Өзіне жағымды әрекеттен алған ләззатын еріне білдіріп, дыбыс шығарып, қимылдап жату керек. Еріне тиісінше ләззат сыйлау үшін тек қана миссионерлік қалыпта қосыла бермей, осы салада біраз жаңалықтар енгізу керек. Кітап оқып, интернет ақтарып, арнайы фильмдер қараған көмектеседі.

4. Төсек қатынасы кезінде өз жағдайын ойлау.

Процесс кезінде макияжының өшіп қалмағанын, шашының бұзылмағанын ойлап, ері терісіне, целлюлитке, қарынның майына, аяғын қалай көтергеніне, қалай жатқанына қарайды деп іштей қысылу – еріңіздің еңбегін жоққа шығарумен тең. Кейбір жағдайларды қоспағанда, ерлер мұндай нәрселерге назар аудармайды. Ерлер әйелдің әр жерін жеке-жеке емес, бүтін бір образ ретінде қабылдайды. Егер еркекке ұнамасаңыз, ол сізбен жолыққан сәттен-ақ ары қарай қатынас құруға бармайды. Сондықтан мұндай ойдан арылу керек.

5. Тазалықтың жоқтығы.

Денеге жағатын иісмайлардың, түрлі косметикалық құралдардың алуан түрі бар кезде, кейбір әйелдердің үстінен жағымсыз иіс шығып тұрады. Оны қанша қымбат иіссумен «жапқыңыз» келсе де, жігіттер тым иіс сезгіш болады. Егер әйел гигиеналық тазалықты сақтамаса, ол – үлкен қателік. Мәселе иісте де емес, жұбыңызға жұқтырып беретін түрлі бактерияларда емес, өз денеңізге немқұрайды қарағандықтан, еріңіз де сізді керемет сыйлай қоймасы анық.

6. Өз денесін басқара алмау.

Жігіттердің басым бөлігі әйелдердің сыртқы сұлулығын емес, өз-өзіне деген сенімділігін бағалайды, төсек қатынасында да. Сондықтан еріңіздің алдында ұялып, жарықта қатынасқа түсуге қорықпау керек.

7. Еркектің төсін елемеу.

Төс, омырау – тек әйелдердің ғана эрогенді жері емес. Көп еркектерде төсі сезімтал болады да, әйелдің аймалағаны жағуы мүмкін.

8. Көп сөйлеу.

Төсек қатынасы кезінде әңгіме айтып, күндіз не көргенін талқылауға болмайды. Өйткені, көп еркектер төсек қатынасында сөйлеп жатқан әйелге «түк те әсер бере алмай жатырмын» деп ойлауы мүмкін. Ұзақ сонар әңгімеден гөрі, еріңіздің құлағына жағатын тәтті сөздер мен мақтаулар айтыңыз. Егер әңгіме айтқыңыз кеп бара жатса, жастықты тістеп, шыдай тұрыңыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: