Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еркектердің жыныстық денсаулығының құпиясы

30.12.2023, 9:00 998

HALYQLINE.KZ

Дені сау еркектер орта есеппен 70 жыл өмір сүреді деп алсақ, олар жылына 100-ге жуық жыныстық қатынаста болып, әр жыныстық қатынаста жыныстық мөлшер бойынша 4-5 мл сперма бөледі екен. Ал орта есеппен өмір бойы 2000-нан астам жыныстық қатынаста болып, 12-15 литрге жуық сперма бөлінеді. Жыныстық қатыныс кезіндегі оргазмның (сперманың бөлінуі кезінде тоят, ләззат алудың) екі жұп үшін пайдасы орасан зор. Әрбіз оргазм өмірді 30 минутқа ұзартады. Себебі, оргазм кезінде «эндорфин» мен «окситоцин» гормондары бөлінеді. Ол гормондар организмдегі күйзелісті (стресті) су сепкендей басады, ауырсыну симптомдарын жояды, мидың жұмысын (нейрондарды) күшейтіп, жүйкені тыныштандырады. Герантологиялық белгілерге (қартаю белгілеріне) тосқауыл қойып, ерте қартаюдың алдын алады. Сол үшін бұл аталған екі гормон медицинада қосымша «бақыт гормоны» деп аталады.

Жыныстық қатыныс кезінде сондай-ақ қан айналым жақсарып, жүрек-қан тамырлары босаңсып, жақсарады. Ал жыныстық қатынас кезінде еркектерде маңызды рөл атқаратын тестостерон және дигидротестостерон гормондары еркектер үшін үлкен байлық болып табылады. Аталған бұл гормондар А-иммуноглобулинді көбейтіп, иммунитетті көтереді, Е (токоферол) дәрумені мен Zn (цинк, мырыш) элементін көбейтіп, сперманың сапасы мен санының көбеюіне, бұлшықеттердің өсуіне қатысады. Қан айналымын жақсартып, денені босаңсытады.

Сондай-ақ сперма жатырға түскен кезде оның құрамындағы кейбір фермет қынап пен жатырдағы инфекцияларды жояды және адам папиллома вирусының өршуіне тосқауыл болады.

Жыныстық қатыныс өз мөлшерімен жасалуы керек. Ғалымдардың зерттеуі бойынша аптасына 2-3 рет немесе әр 3 күн сайын төсек қатынасында болу керек және бір түнде бір рет қана жасау керек дейді. Еркектер үшін бұл маңызды. Себебі еркектерде сперматозойдтар әр үш күн сайын жетіліп отырады. Егер төсек қатынасынан жиі бас тартатын болса, еркектердің кіші жамбас қуысының қан айналым жүйесі нашарлайды, солай жалғаса берсе, белсіздікке дейін апарады, ал әйелдер ашуланшақ, мазасыз болады. Оған дәлел: әйелдердің қынабында 8000 нерв нүктесі болады, олардың көбісі клиторда орналасқан. Ал еркектердің жыныс мүшесінде әйелдерден екі есе аз. Не бары 4000 нерв нүктесі болады. Бұл нерв нүктелері жыныстық қатынас кезінде белсенді қызмет атқарып, бүкіл мүшелер жүйесін басқарып тұрған 31 жұп жүйке талшықтарын қоздырады. Әсерінен барлық дене мүшелері тітіткенеді.

Жыныстық қатыныс кезінде еркектерден гөрі әйелдер көп оргазм алады. Ал оргазм жүйкені тыныштандырады. Ал еркектер болса аз оргазм алады. Сол үшін еркектер уақытылы төсек қатынасында белсенді қызмет атқару керек. Әйелді бір түнде бір рет жақсылап қандырса жеткілікті. Осының өзінен әйел өзіне қажетті барлық қажеттілікті алады. Өйткені қынаптағы 8000 нерв тұла бойын босаңсытып, балқытады. Осы себепті әйелдер еркектерден ұзақ жасайтыны дәлелденген. «Секс – бұл есірткі» дейді Европа ғалымдары. Оргазм кезіндегі ләззат героин пайдаланған адамның ләззатымен тепе-тең екені дәлелденген. Сол үшін ғалымдар «Дені сау ер – бақытты әйел» деген нақыл сөзді жиі қолданады.

Сондай-ақ еркектер өз жыныстық денсаулығын әрқашан қорғауы керек. Еркектердің жыныс мүшесі сырттай мықты, күшті болып көрінгенмен физиологиялық жағынан әлсіз. Мысалы, аталық безде (жұмыртқада) лейдинг және сертоли клеткалары сперматозойдтарды өндіреді. Олар ұрық каналдарының қабырғасында орналасады. Аталық безде (жұмыртқада) ұрық каналдарының жалпы ұзындығы 400 метрге дейін жетеді. Ол каналдар өте әлсіз және шаштан бірнеше есе жіңішке болып жаратылған. Жыныстық қатынас кезінде қуықасты безінде (предстательный железа) орналасқан шәует қалтасынан (семенной пузырка) шәует сұйықтығы бөлінеді де, жұмыртқаға барып құйылады. Содан ол шәует сұйықтығы сперматозойдтармен араласып, жоғарғы жылдамдықпен (44 км/сағ) 400 метр болатын ұрық каналынан не бары 5-8 секундта сыртқа ытқып шығады. Осы кезде еркектерде оргазм басталады. Қан қысымы көтеріліп, жүрек соғысы артады, тынысы тереңдейді, жалпы айтқанда дене босаңсиды. Сол үшін еркектер жыныс органдарын қорғап жүруі керек.

Сонымен қатар бір еркек өз өмірінде 842 бала жасауға күші жетеді екен. 1721 жылы Гиннестер рекордтар кітабына енген мароккалық пашаның 500 ұлы, 384 қызы болған.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша аптасына уақытылы 2-3 рет немесе әр 3 күн сайын төсек қатынасында болса, үнемі әйелімен бір төсекте жатса, онда ол еркекте бел қуаты мәселесі болмайды дейді. Статистика бойынша 10 жүптың біреуі бөлек бөлмеде жатады екен. Бұл да ерлер денсаулығына әсер етеді. Бірақ зерттеулердің нәтижесінде жыныстық қатынастың да зиянды тұстары көп екені анықталған. Жыныстық қатыныс пайдалы екен деп беталды шамадан тыс жасалған жыныстық қатынас ең бірінші еркектердің көзінің нұрлы қабықшасын зақымдап, ретинол деңгейін төмендетеді. Соның әсерінен көз жанарының көруі нашарлайды. Иммунды жүйе бұзылады, жыныс гормондары азайып, эректильді нервтер әлсірейді, жыныстық қатынас уақыты ұзаққа созылмайды, шаш түсе бастайды, жыныс инфекциялары пайда болады және т.б. Шамадан тыс жасалған жыныстық қатынастың зардабы мен қиыншылығы қартайғанда басыңа бәле болып жабысады дейді уролог және андролог дәрігерлер.

Сол үшін ғалымдар: «Жыныстық қатыныс қаншалықты ләззатты болса, соншалықты оның да сұранысы болады» дейді. Яғни, пайдасы да, зияны да бар екенін ескертеді.

Айтылған барлық кеңестер медициналық жағынан тексеріліп, зерттелген және нақты дәлелденген.

Материал «Медицинаның тың деректерінен», «Медицинаның құпия тетіктерінен»

және медициналық ғылыми кітаптардан алынды.

Сурет  ашық дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: