Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

ЕРКЕКТЕР қандай ӘЙЕЛДІ төсекте «БӨРЕНЕ» санайды?

30.10.2022, 11:00 933

HALYQLINE.KZ

Егер әйел өзіне не керегін білмей, дүкенде немесе тойханада таңдау жасай алмай қиналса, онда ол төсекте…

Төсекте тек еркектер ғана белсенді болуы тиіс деген қате қағида әлі де бар. Сол себепті де жыныстық қатынасқа келгенде бұйығып қалатындарға ер-азаматтардың пікірі бөлек, көзқарасы да жақсы бола бермейді. «Бөрене» деген атаудың да әйелдердің атына қарай айтылуы да сондықтан…

«Бөрене» деген не және кімдерге қатысты айтылады? Осы мақалада жан-жақты қарастырып көрейік.

Түрлі форумдарды, төсек айналасы туралы ақпараттар мен пікірілерді зерттей келе осынау атаудың кімдерге қатысты айтылғанын шамалауға болады. Ол бойынша, «бөрене»:

төсекте ешқандай бастама көтермейтін, әдетте тек бір ғана позадан айнымайтын;

өздігінен құмарлық танытпайтын, жақындаспайтын;

салқын, жыныстық қатынасқа жеккөрінішпен қарайтын;

жыныстық қатынас кезінде тіс жарып, дыбыс шығармайтын;

түрлі эксперименттер жасап көруді қаламайтын;

өте көп жағдайда оргазм ала алмайтын және алуға ұмтылмайтын; аймалауға қарсы әрекет көрсетпейтін және т.б. әйелдерге қатысты айтылатын көрінеді.

Жоғары айтылғандар – тек негізгілері ғана.

«Бөрене» болмау үшін не істеу керек?

Көпшілік еркектер әйелдің төсектегі әрекетсіздігін дұрыс қабылдай бермейді. Кейбір жанжал да осы төсек айналасынан шығып кетуі ғажап емес.

Ал әйелдің төсектегі белсенділік танытпауының сыры көп. Дегенмен, еркектердің әйелге олай баға беруінің бірнеше параметрлері бар.

Егер әйел спортқа қызықпаса, онда ол жалқау және төсекте белсенді бола бермейді.

Егер құшақтасу мен сүйісу әр кез сайын ерекше құмарлыққа ұласса, онда ол төсекте оттай лаулайды.

Егер әйел өзіне не керегін білмей, дүкенде немесе тойханада таңдау жасай алмай қиналса, онда ол төсекте де батыл емес. Құштарлығы оттай лаулаған әйелдің кез келген жерде талғамы мен таңдауы үйлесіп тұрады. Демек, ол әйел интимді байланыста да талғамы жоғары.

Төсекте құштарлығы тасып тұратын әйел жай сүйіскеннің өзінде тәнімен билеп тұрады, кеудесімен жуысып, бөксесі де қимыл-қозғалыста болады. Егер қозалыссыз, сұлқ тұрып сүйіссе, онда одан төсекте жалынды жақындық күту орынсыз.

Әйел ашық, еркекпен бірге кейбір ақымақтық әрекеттер жасауға бейім және әзілқой. Демек, ол төсекте де осалдық танытпайды деген сөз.

Міне, көптеген еркектердің әйелдерге беретін бағасы мен таңдау кезіндегі параметрлері осылай болып келеді. Сондай-ақ бұл жай емес, расында жаны бар сөз.

Мәселені қалай шешу керек?

Осыған орай, әйелдердің бірнеше қателіктерін келтіре кетсек. Осы себепті көптеген әйелдердің жыныстық қатынасқа келгенде жолы болмай жатады. Демек, бірнеше мәселенің шешімін табу керек.

Тұрмыстық түйткіл үшін ренжісіп, оны төсекке дейін ала бару – әйелдерге тән. Бірақ, бұл – өрескел қателік. Тұрмыстық проблемалар ешқашан жыныстық қатынасқа әсер етпеуі тиіс. Яғни, ол жатын бөлмеге «кірмегені» дұрыс.

Кейбір әйелдер төсек қатынасына келгенде еркекке бағыну керек деп санайды. Бірақ еркектерге икемге көне беретін әйелдер ұнай бермейді. Олар әйелдің төсекте қарсылық танытып, көңіл күйін білдіру арқылы не қалайтынын ашық сездіргенін ұнатады.

Ұялшақтық пен тұйықтық – жыныстық қатынаста өте кері әсер етеді. Бірақ одан шығатын жол бар, жыныстық қатынас жайындағы әдістемелерді көбірек оқыған дұрыс.

Бірқатар кеңес

Ер-азаматыңыз «бөрене» демес үшін мына кеңестерге құлақ асқаныңыз абзал:

Күйеуіңізді шынайы қалап, оны сүюден ұялмаңыз! Әйелінің сүйіспеншілікпен қараған жанарынан артық еркекті ештеңе де қоздыра алмайды.

Төсекке жатқанда жетпей қалған ақша, бітпей қалған жұмыс, күйіп кеткен қазанды ойлағаннан соның барлығы орнына келмейді. Ал сіз тек құштарлықпен өтетін бір түнді жоғалтасыз. Күйеуіңізбен бірге өтетін әрбір сәтті ұтымды пайдаланып қалуыңыз керек.

Тәніңізді жасырмаңыз! Ешқашан! Тіпті, толық болсаңыз да күйеуіңіздің алдында еркін шешініп-киіне алсаңыз, еркекке сол ұнамды, содан сізге деген сезімі арта түседі.

Артық қимыл жасаудан жасқанбаңыз!

Бір деңгейде тұрып қалмаңыз. Әрқашанда дамып, білуге құмартып тұрыңыз. Төсек қатынасында да солай. Жаңа техника мен позаларды біліп алу жыныстық қатынастарыңызды одан сайны жақсарта түседі.

Өз күйеуіңізбен ашық та батыл қатынаста болу – ұят емес. Керісінше, некелі жұбыңызбен төсек ләззатын барын татып көрмеу орынсыз.

Дереккөз: ERNUR.KZ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: