Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күн райын қалай болжаған?

23.01.2021, 15:00 1026

HALYQLINE.KZ 

1. ӨЛАРА

Ескі ай бітіп, жаңа ай туғанға дейінгі аралық. Аспанда ай көрінбейтін кез. Өларадағы ауа райы, туар айда қайталанады деген тəжірбие қалыптасқан. «Өларада жауын- шашын болса, туар айда жауынды- шашынды болады» дейді халқымыз. Бұл болжам əрқашан қатесіз келіп отырған.

2. АМАЛ

Жыл он екі айда айналып соғып түратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халыщ бір сөзбен «Амал» деп атаған. Яғни, жылдың əр мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарының өткінші əрі тосын, аз уақытта болып өтетін өзгерісі мен көрінісін жəне оның бірнеше түрлерін айтқан. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар: 1. Күннің тоқырауы. 2. Қарашаның қайтуы. 3. Үркердің батуы. 4. Мұздың қатуы. 5. Киіктің матауы. 6. Қыс тоқсан. 7. Ай тоғымы.

3. ҚҰСҚАНАТЫ

Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Құстардың келуімен қар аралас жаңбыр, суық жел тұрады. Мұны ел «құсқанаты» деп атап, амалға жатқызған.

4. АЛАСАПЫРАН

Көктемде, наурыз айында, кейде сəуір айында қар күрт еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз, қолайсыз мерзімді «аласапыран» дейді.

5. БЕСҚОНАҚ

Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында болатын жауынды- шашынды күндер. Бұл – əр жылы соғып өтетін суық əрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.

Жалғасы бар…


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: