Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыр жаттап, жеңіске жетті

25.10.2021, 17:40 266

«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда қалалық кезеңі бойынша жеңімпаздар анықталды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында өткен байқауда Қызылорда қаласы мектептері бойынша 100-ге жуық оқушы бақ сынады.

Байқаудың қорытындысы бойынша, қазылар шешімімен, Қызылорда қаласы бойынша келесі оқушылар жеңімпаз атанды:

🥇1-орын (150 мың теңге) – №271 орта мектептің 7-сынып оқушысы Жаннұр Аман, дайындаған мұғалімі – Гайнегул Аймыратова;

🥈2-орын (100 мың теңге) – №187 мектептің 8-сынып оқушысы Жансая Төлеп, дайындаған мұғалімі – Баян Мұрынбаева;

🥉3-орын( 50 мың теңге) – №189 мектеп гимназиясының 8-сынып оқушысы Аяулым Мұханбетжан, дайындаған мұғалімі – Анар Баймаханова.

Байқау жеңімпаздарына жүлделерін қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов табыстады. Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, үздік үштіктен көрінген қатысушылар байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Еске сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім басқармасы және «Nur Otan» партиясы, «Qazaq Epos» қоғамдық қоры бірлесе отырып «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялаған болатын. Байқау 6-10-сынып оқушылары арасында «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан өтеді. Қатысушылар қосымша Алтын Орда мемлекетінің тарихи оқиғаларына қатысты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Байқауға облыс бойынша 662 мұғалім дайындаған 713 оқушы қатысуда. Ертең, яғни, 26 қазан күні жоба Жаңақорған және Шиелі аудандарында жалғасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: