Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жабық қаланың» жаңалығы: Байқоңырдағы мектеп Қазақстанның білім беру стандартына көшті

02.09.2026, 11:30 51

Байқоңыр қаласындағы М.К. Янгель атындағы мектеп Қазақстанның білім беру жүйесіне ресми түрде енгізіліп, №298 мектеп мәртебесін алды.

Осылайша, қаладағы Қазақстанның білім беру стандарты бойынша оқытатын мектептер саны алтыға жетті.

1970 жылы салынған төрт қабатты мектеп ғимараты жаңа оқу жылы қарсаңында толық жаңғыртылды. Білім ошағында жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды және оқу кабинеттері талапқа сай жабдықталды. Нысанды аудан балансына беру және мектеп жарғысын тіркеуге қатысты барлық заңдық рәсімдер толық аяқталған.
Білім беру ұйымы 790 оқушыға арналған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: