Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтеді

30.06.2023, 17:50 287

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 12 бұйрығына сәйкес «Үздік педагог» байқауы 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді. Конкурс жылына үш кезең бойынша ұйымдастырылады. Конкурстың I кезеңі – қалалық, ІІ кезеңі – облыстық және ақтық кезең – республикалық.

«Үздік педагог» атағын беру тәртібі:

3. «Үздік педагог» атағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.

4. «Үздік педагог» атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді. Конкурсқа өлшемшарттарға сәйкес құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар және білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатынаса алады. Конкурстың І кезеңіне қатысу үшін білім беру ұйымдары электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды дайындайды

. 1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) білім беру ұйымдарының басшылары растаған педагогке арналған ұсыныс;

3) жұмыс орны бойынша расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) білім беру ұйымының Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ және орыс тілдерінде ұсыныс;

6) электронды тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары;

7) оқыту тіліндегі портфолио (педагогтің портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген);

8) эссе; эссе тақырыбын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі айқындайды.

9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик. «Үздік педагог» атағын беру республикалық конкурсының қалалық кезеңі шілде айында өтеді.

Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қожахметов Жомарт Құлмағанбетұлы +7 702 777 06 08

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: