Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды

27.04.2026, 9:50 64

Қызылордалық жас химик Менделеев халықаралық олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағартк министрлігі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі Alash.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында алтын медаль иегері атанды.

Химиядан әлемдегі ең беделді олимпиадалардың бірі саналатын International Mendeleev Chemistry Olympiad байқауына 37 елден, атап айтқанда Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзербайжан, Иордания, Коста-Рика, Тайланд, Египет, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытай елдерінен 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Қазақстан құрамасы сайыста 1 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медаль:
Теңізбаев Арен – Қызылорда облыстық Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Күміс медаль:
Жақсылықов Ансар — Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Жеңісханова Айзере – Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қалдыбай Меңдіғали — Астана қаласы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Сейітқазиев Нұрсейт — Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

Қола медаль:
Полетаев Данил — Алматы қаласындағы №134 лицейінің 11-сынып оқушысы;
Қали Әбілмансұр – Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
Айтжанов Алидар — Қарағанды қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Ибраимов Абдижан – Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Махмутов Мансур – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Жүлдегерлерді дайындаған жетекшілер – PhD, Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бақытжан Елдана және «Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты» мекемесінің 2-курс студенті Сәрсенбай Айдос.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан құрамасы 11 оқушыдан құралған болатын. Олар 7 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған еді.


Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: